Бүгін: 20.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«САРЫАРҚА ДАРЫНЫ» БАЛАЛАРҒА  ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНДА ДЕБАТ ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУ БОЙЫНША ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕБАТ КЛУБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛЕРІ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ПІКІРСАЙЫС ТУРНИРІН  ӨТКІЗДІ.

Облыстық дебат турниріне жалпы білім беретін мектептер мен мамандандырылған мектеп-интернаттардың дебат клубы жетекшілері қатысты. Онлайн болған пікірсайыс ойынында 25 команда бағын сынап көрді. Әр топта екі адамнан қатысқан.  Турнирдің шартына сәйкес барлығы Американдық парламенттік формат бойынша өткізілді.   Екі кезеңнен сүрінбей өткен топ қана үздіктердің қатарынан көрінді.

Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арналған Жолдауында «Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет» екендігін атап өткен болатын.  Ал, осындай іс-шаралар арқылы ұстаздарды басқа қырынан да көруге болады. Турнирдің алғашқы кезеңі 27 қыркүйектен бастап 10 қазан аралығында  әр аудан, әр қалада  ұйымдастырылып, нәтижесінде бір қазақ лигасы және бір орыс лигасы келесі облыстық кезеңге жолдама алған. Шешуші ойын барлық сақтық шараларын сақтай отырып оффлайн формата өтті. Турнирдің өзі  үш іріктеу кезеңінен, жартылай финал мен финалдан тұрған.

Зияткерлік додада  Саран қаласының дебат клубтарының басшыларынан құралған «Есть мнения» командасы:  № 1 мектеп-лицейінің дебат клубының басшысы Галина Қуанова және № 17 мектеп – гимназиясының дебат клубының басшысы Евгений Мясников жүлделі 1- орынға ие болды. Сондай-ақ, турнирде жоғары біліктілігін көрсеткен Евгений Александрович «Үздік спикер» номинациясын жеңіп алды.

-  Бізде тамаша команда қалыптасты, іріктеу кезеңінен жақсы өттік. Жартылай финалға шыққанымызға таңқалдық. Содан кейін шынымды айтсам, біз өте сенімді болдық финалға шығатынымызға. Финал өте қызықты болды, өйткені ол нағыз пікірталас форматында өтті, - дейді Саран қаласы № 17 мектеп-гимназиясының мұғалімі Евгений Мясников.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы димломдармен, сыйлық сертификаттарымен марапатталған. Сондай-ақ, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА