Бүгін: 23.04.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫқ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНДЕ ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТТІҢ ОРНЫ ЕРЕК. ОСЫ ОРАЙДА бір ҒАСЫРҒА ЖУЫҚ ТАРИХЫ БАР АТАЛҒАН ҚАРАШАҢЫРАҚТА 22 ЖЕЛТОҚСАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРДІҢ СЛЕТІ ӨТТІ. СЛЕТ КОЛЛЕДЖ БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ ОҚУДА ЖӘНЕ МӘДЕНИ ШАРАДА ОЗАТ ЖАСТАРДЫ МАРАПАТТАУЫНА АРНАЛДЫ.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін білікті маман қажет екендігі айдан анық. Ал білікті маман үздік студенттен құралмақ. Үздік студент тек оқуда ғана озат болып қоймай қоғамдық-мәдени іс-шараларда да белсенді болуымен өз қатарындағы білімгерлерден оқ бойы озық тұрмақ. ХХІ ғасырдың талабы да осындай даралықтармен ерекшеленетін кадрларға басым болатындығы да орынды. Бұл ғасыр жаңашылдық пен белсенділікті, терең білім мен қабілеттілікті талап етеді.

Ал аталмыш игі шаралар жоғары оқу орындарындағы жастардан шықпақ. Жас келсе іске, жастар жаңашылдықтың бастауы деген ұғымдар да осындайдан пайда болса керек. Ендеше атаулы игі қасиеттер бойынан табылатын үздік студенттердің еңбегін бағалап отыру студент белсенділігін арттырып, ынталандыра түспек. Бір сөзбен айтқанда жастарға Мағжанша сене біліп, ғасыр сұранысына қалыптасып келе жатқан студенттерді замандастарына паш ете білген нұр болмақ. Ол дегеніміз Кеңес Одағы кезеңінде көрініс тапқан Үздік студенттер слетінің ғұмырын жалғастыру болып табылады. Сонымен қатар, мұндай игі шара дәстүрге айналып, еліміздің барлық жоғары оқу орындарында жүзеге асуын қолға алған пайдалы болары сөзсіз. Себебі қазақ даналығында көрсетілгендей адам адаммен тек білім, ғылым арқылы ғана озбақ емес пе. Бұл орайда жақсы істердің бастамасы, тек қала көлеміндегі емес, сонымен қатар, облысымыздағы үздік оқу ордаларының бірі саналатын СЖГТК Үздік студенттердің слетін жылдағы дәстүрге сәйкес өткізіп отырған жайы бар. Шаһардағы 100 жылдық тарихы бар білім ордасының бұл жаңалығы өзге білім ошақтарына да үлгі болар деген үміт қылаң береді.

Атаулы шара Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде алғаш рет 2019 жылы көрініс тапқан болатын. Содан бері күні бүгінгі дейін жалғасын тауып келеді. Игі шарада әрқашан жастардың оң бастамаларына қолдау танытып, студенттердің талғамды сұраныстарын орынды бағалай білетін СЖГТК директоры, техника ғылымдарының кандидаты Анатолий Закамолкин үздік студенттерді құттықтап: «Үздік оқу бұл оңай шаруа емес, десек те біздің шаңырақтың студенттері әрдайым үздік болуды алға қоятындығы мені қуантады. Бүгін біз алдыңғы буын ағалардың жақсы дәстүрін жандандырып отырмыз. Келер уақытта бұл шара жалғасын табады деген ойдамын. СЖГТК әрқашан түлектерімен мақтанады. Осы орайда бүгінгі қуанышымызды бөлісе келген кешегі түлектерімізге алғыс айтқым келеді», - деп жалғады.

Одан кейін Владимир Анатольевич студенттерді оқудағы үздік жетістіктері үшін грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Колледж директорынан бөлек, озат студенттерді директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Аққу Муфталова, директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары Жанат Нурсалиева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жанбол Жаяубаев құттықтап, марапаттарын табыстады.

Одан кейін сахнаға туған білім ордасына арнайы ат басын бұрып келген түлектер шығып, кешегі игі дәстүрдің жанданғанына ризашылықтарын білдіріп, студенттерге жылы лебіздерін жеткізді.

Түлектеріміз өз оқу ордасына осылайша жақсы баға беріп жатқанда, оқуда озат студенттерге СЖГТК директоры Анатолий Закамолкин марапаттарын табыстады. Марапат Ғалым Гүлім Армияқызы, Капан Зарина Бакытжанқызы, Корнилова Дарья, Кобзева Виктория, Панкратова Эльвира Владимировна, Байдүйсен Ақмерей Нұрсұлтанқызы, Бенко Евгения, Дария Дамир, Альмаганбетова Айжан Калкамановна, Бенц Илья Андреевич, Будаш Вероника Филипповна, Самсонова Валерия Андреевна, Шәріп Дамира Мейрамқызы, Тоганбаева Гульназия Сериковна, Азанбай Жұлдыз Ерсінқызына берілді.

Сонымен қатар, қара шаңырақтың озат үздіктері қатарына Кучеренко Андрей, Сериков Кудайберген, Худаско Станислав, Арсанова Ангелина, Ғалымжанкызы Рауана, Дурдыев Ибрагим, Писарева Екатерина, Аманжанова Жансая, Майжаканова Перизат, Қызылбаева Саяжан, Сабенова Жансая, Сәбитова Айшанұр, Қанатова Сәбина, Қанатова Мадина, Касенова Дарига  лайық деп танылды.

Бұдан бөлек, Амангельдиева Аяулым, Аспенгазиева Дильнара, Қожабекова Айгерім, Алиман Ақбота, Жақсыбаева Гүлхан, Тұрсханкызы Толқынды, Смагулова Алина, Шабленова Адель, Ковтунович Екатерина, Мельниченко Ольга, Зиганшина Рената, Егоров Александр, Тарасов Тарас, Яцко Никита, Оразханулы Серикбол үздік студенттер қатарына қабылданып, озат деп танылды.

Сонымен қатар, озаттардың қатарында Аманбай Аскар, Кайдар Инжу, Махсутова Сымбат, Жаксылыков Ербота, Мұхархан Мәдина, Рымбай Сымбат, Кәкім Әлбина, Бижан Айжан, Балтабай Ақерке, Хуанган Асем, Биманова Ақкенже, Қуатбаева Динара, Миряшева Анна, Аринова Арина, Бобеляк Екатерина, Фидмер Александр, Кабанина Арина, Юрмальник Элизавета, Субач Руслан, Голикова Евгения, Поповская Ирина, Қанатұлы Қамбар, Қаңтарбаева Сезім, Темирова Мақпал, Шержанова Айымжан, Халиулла Ақзере, Залялитдинова Дарья, Гантимурова Владлена, Курташкина Александра, Савосина Александра, Шабрыкина Яна, Коннов Василий, Седов Никита, Ляшенко Никита, Исабекова Аңсаған, Кульжабаева Арайлым сынды студетттердің есімі аталды.

Салтанатты рәсім болашақ түлектерге қуаныш сезімін ұялатып, болашақтарына үміт сезімін тудырды. Бұл жағдай әрине әлемдік дағдарыс кезеңінде еліміздегі үздік университеттің өз білімгерлеріне деген ерекше қолдауы болып табылады. Осындай құрметтен кейін кез келген біліми ізденушінің үздік студент атанып бәйгеге шабуына қамшы болатындығы сөзсіз. Үздік студенттер өздеріне көрсетілген құрметтен кейін замандастарына үндеу жолдады. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізіліп отырған «Үздік студенттер слеті» колледждің түлегі Исатай Заманайдың орындауындағы «Атамекен» әнімен қорытындыланып, қатысушыларға гүл шоғын ұсынумен аяқталды.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ

Суретті түсірген: Камила ОСПАНОВА