«Молодежный перекресток» с особой гордостью, от имени молодежи города, поздравляет любимый город с его знаменательным 70- летним юбилеем! И благодарит за оказанную честь выразить в прозе все те чувства, которые хранятся в потаенных уголках души. Родной наш город, прими от юного поколения самые светлые и теплые признания в любви! Радости тебе в каждом зарождающемся дне!
Өркен Сансарбек, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің
4 курс студенті, поэзиялық шығармашылық жастар ұйымының жүргізушісі
Құрметті Саран қаласының тұрғындары, қадірлі жерлестер!
Бүгін Саран қаласы өзінің 70 жылдығын тойлап отыр. Бұл – үлкен мереке, маңызды оқиға, қала тарихындағы айрықша кезең. Осы атаулы күнге орай, Саран қаласының әрбір тұрғынына, қалаға еңбек сіңірген барша азаматтарға шынайы құттықтауымды жеткізгім келеді! Саран қаласы Қарағанды облысының экономикалық және мәдени тұрғыдан дамуында маңызды рөл атқарады. Қала еңбек адамдарының, ардагерлердің, жастардың шығармашылық еңбегінің арқасында алға қадам басып, көркейіп, өсті. Мұның барлығы қаланың қалыптасып, дамуына өз үлесін қосқан тұрғындардың ортақ жетістігі. Өткен 70 жылда Саран қаласы өзін мәдениет пен білімнің де ұйытқысы ретінде көрсете білді. Қалада ғалымдар мен білімпаздардың, өнер адамдарының еңбектері бағаланып, бүгінгі күні Саран өзінің ерекше мақтанышына айналған мәдениет үйі мен кітапханасы, білім ошақтарымен халыққа қызмет көрсетуде. Қаламыздың тарихы, мәдениеті мен дәстүрі келешек ұрпақ үшін мәңгілік құндылық болып сақталады. Саран қаласының 70 жылдығы – оның қарқынды дамуын, жетістіктері мен бірлігіне деген мақтанышты паш етеді. Бұл мереке – біз үшін алдағы болашаққа жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды белес. Біз Саранды ғана емес, барлық елді мекендерді дамыту жолында еңбек етіп, қаланың әрі қарай гүлденуіне өз үлесімізді қосуымыз керек. Жас ұрпақтың осы қалада бақытты өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасау біздің ортақ міндетіміз. Құрметті сарандықтар! Бұл тамаша мерекеде біз өткенге көз жүгіртіп, болашаққа үмітпен қараймыз. Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қалаға одан әрі өркендеу тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Саран қаласының 70 жылдығы құтты болсын!
Ергулан Ахсункар, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік зерттеу университеті филология факультетінің 1 курс студенті
Бүгін ерекше күн. Қарағанды облысының төрінде орналасқан Саран қаласының 70 жылдық мерейтойы. Бұл уақыт аралығында қала тек географиялық тұрғыда ғана емес, қоғамдық, мәдени және экономикалық тұрғыдан да елеулі өзгерістер мен жетістіктерге қол жеткізді. Саранның әрбір көшесі, әрбір үйі – қаланың дамуы мен тарихының куәсі. Бұл мереке – тек Саран қаласының тұрғыны үшін ғана емес, барлық қазақстандықтар үшін маңызды оқиға, себебі әрбір қала, әрбір ауыл, әрбір елді мекен еліміздің даму жолында ерекше орын алады.
Саран қаласының тарихы – бұл еңбекке, табандылыққа және күш-жігерге толы тарих. 1954 жылы шағын қалашық ретінде іргесі қаланған Саран бүгінгі күні көптеген маңызды салалар бойынша дамыған, өз тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайларын ұсынатын қалаға айналды. Қала тұрғындары әр жылдары өндірістің дамуына, білім беру мен мәдениет саласының өркендеуіне өз үлестерін қосып, Саранның бүгінгі бейнесін қалыптастырды. Әрбір ғимарат, әрбір кеңес, әрбір іскерлік бастама Саранның тарихының бөлігі болып табылады.
Қаланың басты байлығы – еңбекқор, қайырымды, талантты тұрғындар! Сіздердің еңбектеріңіздің, өзгелер мұны мүмкін емес деп санайтын күрделі міндеттердің алдында шегінбеудің арқасында, оны жас ұрпаққа жеткізетін ардагерлеріміздің тәжірибесінің арқасында – бүгін біз болашаққа сеніммен қараймыз! Қаламыздың мәртебесі арта берсін, мерейлі мерекеде барлықтарыңызға зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін.
Жексембай Нұрахмет, Абай атындағы ЖББМ-тің 8-сынып оқушысы
Құрметті қала тұрғындары, жақындарым, достарым!
Биыл Саран қаласының негізі қаланғанына 70 жыл толып отыр. Бұл – үлкен тарихи белес, жарқын жетістіктер мен ұрпақтар сабақтастығының айқын көрінісі. Саран – менің кіндік қаным тамып, өсіп-өнген сүйікті қалам. Маған туған қалам бәрінен қымбат. Мен сымбатты Саранымды мақтан тұтамын. Шаһарымыз жыл сайын жаңарып, дамып, жаңа белестерді бағындыруда.
70 жыл ішінде Саран өзінің бай тарихын қалыптастырып, еліміздің маңызды өнеркәсіптік және мәдени орталығына айналды. Қаламыздың дамуына үлес қосқан әрбір азаматқа айтар алғысым шексіз. Бүгінгі Саранның көшелері, өндірістік орындары, мектептері мен мәдени ошақтары – бәрі де сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Қаланың көркеюіне үлес қосқан ардагерлерімізге, әрбір жанашыр жанға ерекше құрмет білдіремін.
Біздің қала тек жұмысшылардың ғана емес, талантты, шығармашыл, болашағынан зор үміт күттіретін жастардың қаласы деп білемін. Біз, бүгінгі ұрпақ Саранның тамыры терең тарихын жалғастырып, оны одан әрі гүлдендіруге үлес қосуға міндеттіміз.
Саранның 70 жылдық мерейтойы – барлығымызға ортақ мереке. Бұл күн – біздің бірлігіміздің, ынтымағымыздың және ортақ мақсатымыздың символы. Баршаңызды осы айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт және амандық тілеймін.Саран қаласы жасай берсін, өркендей берсін!
Мамонтова Алина, студентка 1 курса КЭУ Зинченко Виталий, выпускник СВГТК им.Абая Кунанбаева
Дорогие жители и гости города Сарани! От имени молодежи нашего прекрасного города поздравляем всех вас с его 70-летним юбилеем! Этот город — наша гордость, наша история и наше вдохновение. Здесь каждый уголок пропитан теплом, трудолюбием и дружбой людей, которые сделали его таким, каким мы его знаем сегодня. Мы, молодое поколение, гордимся тем, что живем в городе, где традиции переплетаются с современностью, а энергия будущего чувствуется в каждом из нас. Сарань — это не просто место на карте, это наш дом. Здесь мы растем, учимся, мечтаем и строим свои планы. Наш город — это люди, которые своим трудом и талантом делают его лучше каждый день. В этот праздничный день мы хотим пожелать нашему любимому городу процветания, благополучия и новых достижений! Пусть Сарань продолжает быть местом, где воплощаются мечты, где каждое поколение находит свою роль и вносит вклад в его развитие. С Днем рождения, Сарань! Спасибо за то, что ты есть, и за то, что делаешь нас сильнее и счастливее!
Калкенов Алимжан, ученик школы-лицея №1, 9 «А» класса.
Мой любимый город - Сарань! Сарань — это не просто город, это место, где началась и продолжается моя история. Здесь проходит мое детство, с которым связано много радостных моментов и открытий. Уютные дворы и дома создают удивительную атмосферу тепла и спокойствия. Каждый уголок нашего города хранит воспоминания, согревающие душу. Мне нравится смотреть, как утренний свет освещает улицы, и как вечером загораются фонари, делая город уютным. Сарань — это не только здания и улицы, но и добрые люди, которые делают город живым. Здесь всегда чувствуешь себя в безопасности, словно город окружает тебя своей заботой. Он учит меня ценить простоту и видеть красоту в обыденных вещах. Я горжусь своим городом, и уверен, что его дух всегда будет в моем сердце, независимо от того, где я окажусь.
Поздравляю родной город с 70-летним юбилеем! Пусть Сарань продолжает расти и развиваться, а её жители всегда живут в гармонии, любви и взаимопонимании. И наш город остаётся таким же уютным, тёплым и гостеприимным, а каждый день приносит радость и новые свершения. Желаю всем горожанам счастья, здоровья и процветания!
Яна Бордюгова, ученица
школы – лицея №1 , 9 класса.
Мой любимый город. У каждого человека есть любимый город. Он может маленьким и тихим, но очень родным. Сарань - это город, в котором я родилась и проживаю в данный момент. Небольшой город, но он живет в моем сердце. И в нем множество воспоминаний, теплых и уютных моментов, связанных с моими близкими и родными. Я хочу поздравить любимый город с 70-летним юбилеем. Он пережил многое, но сохранил свою душу – простую, теплую и гостеприимную. Я горжусь тем, что живу в таком прекрасном городе, где каждый уголок наполнен любовью. Желаю родному городу процветания, новых достижений и успехов, а жителям оставаться такими же добрыми и отзывчивыми.
Бейсенбекова Арай учащаяся
11 «А» класса ОШ № 6.
Дорогие жители города Сарани! Примите мои поздравления с 70-летием нашего города! За эти годы Сарань показала себя как город сильных, целеустремленных и талантливых людей. Наши трудовые, культурные и спортивные достижения стали гордостью всей Карагандинской области и Казахстана. Желаю городу больших спортивных успехов, которые будут вдохновлять молодёжь на новые победы!
Процветай и дальше наш город, и становись ещё уютнее и современнее! Всем здоровья, счастья, благополучия и множества новых ярких свершений!
… Пусть этот день будет наполнен добрыми делами и поступками. Безмерным счастьем, оттого, что мы живем в таком замечательном городе, и благословением на дальнейшее процветание неповторимого города по имени Сарань!
Татьяна Стрельчук,
руководитель Литературной гостиной «Поэтические кружева»