Сегодня: 21.11.2024
Регистрация: в Министерстве информации и коммуникаций Республики Казахстан. Свидетельство №16307-Г от 18.01.2017 года (номер и дата первичной постановки на учет №869-Г от 16.09.1999 года)

2020 жылдың 20 наурызында Қазақстанның халық ақыны, бүкіл Түркі дүниесінің ақындарының Физули атындағы Халықаралық сыйлығының лауреаты ақын Тұманбай Молдағалиев 85 жасқа толар еді.

Тұманбай Молдағалиев еліміздің аяулы азаматы, ардақты ақыны. Қазақ елін өзінің терең үнді, тамылжытқан нәрлі жырларымен сусындатқан Т. Молдағалиев 1935 жылы Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданында дүниеге келген.Ақынның балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келді. Әкесі майданға аттанғанда бар-жоғы 5-6 жаста екен.Әкесі Молдағали 1942 жылы соғысқа кетіп, қайта оралмады.

Тәрбиелеп өсірген анасы Қымқам Алматыда қайтыс болады. 1956 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факултетін бітіреді. Өзінің шығармашылық еңбек жолын «Лениншіл жас» газеті мен «Пионер» журналынан бастайды. 1959-70 жылдар аралығында «Пионер» журналында қызмет атқарды. Тұманбай ата балаларға арнап бірнеше кітап жазды. Бүлдіршіндерге арналған ең алғашқы «Қызыл-жасыл көбелек» деген жинағы 1957 жылы жарық көрді. Одан кейін «Етекбай атам үйінде», «Арман мен Бота», «Мен өсіп келемін» атты кітаптары өздеріңдей жеткіншектерге арналған. 1970-73 жылдар аралығында «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болды. 1973 жылдан «Жазушы» баспасы жанындағы «Балалар және жастар әдебиетінің» бас редакциясы мен «Жалынның» бас редакторы жұмысын атқарды. Қалам тартқан елу жылдай уақытты сараласақ, қазақ халқы деген ардақты ұғымға сиятын бір елдің еңбектеген баласынан еңкейген қариясына дейін үлкен ақынның күмбірлеген жыр жүрегіне, күнгей мен теріскейіндегі ғұмыр – жырына бойлаймыз.

Тұманбай ағамыздың лирикалық кейіпкерінің жүрегі қылау түсе қоймаған сәбидің мінезіндей. Осындай сыршыл да таза жүректен шыққан дүниелер оқырманның бей-жай қалдыра алмас.

«Жақсылықтың барлығы болсын дейтін өзіме, сөйте жүре кісінің несібесін қызғанбас» ақын аға, жанымызға жақынаға Тұманбай Молдағалиев жайлы:

Өмір де жайдары,

көңіл де жайдары,

Келе жатыр килікпей

кикілжіңге қайдағы,

Жауына да жұдырық

сілтеп көрген жері жоқ,

Ақ қағаздың үстінде аяқталып майданы,- деп басталатын жыр:

Өкінеме кім білген,

Текке бір күн өтті деп,

Өлең жырдың нөсерін,

Күркірете төкті-ау кеп

Үлгі бола бастаған

 ұлыға да, кішіге,

Өзі де бір асқақән,

Өзі де бір текті әулет!- деп аяқталыпты. Біз білетін, ел білетін Тұмағаң ақын ажарлы айтқандай» Аңқылдап жүрген» өлең жазып, еліне жыр арнапты. Артында өлшеусіз мол рухани мұра қалдырған ақын қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз.

Н. Кернебаева

«Жас Отау»

 ЭМҚБ жетекшісі