Сегодня: 21.11.2024
Регистрация: в Министерстве информации и коммуникаций Республики Казахстан. Свидетельство №16307-Г от 18.01.2017 года (номер и дата первичной постановки на учет №869-Г от 16.09.1999 года)
 
Бүгінгі таңда, әлемдегі және еліміздегі жағдайлар баршаңызға белгілі. Осы бір сын сағатта, Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Ә.Назабаевтың «Бірлесе жеңген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарық көрді. Барша Қазақстан халқына, бүгінгідей бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен қазіргі сәтте де баршаны сабырға, байсалдылыққа шақырып, тағы да жұртына ақ тілеулі сөзін арнап отыр.
Тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіріп отырғаны мәлім. Бұл – бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Елбасы оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығатынына зор үміт артып отыр. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ екендігін де тілге тиек етті. Осы бір елді дүрліктірген уақытта Үкімет пен жергілікті атқару органдарын барлық шараларды қолға алуға,соны үнемді түрде, рет-ретімен орындауға кірісуге шақырды.
Елбасы айтқандай, ұлт денсаулығы мен мемлекет қауіпсіздігі – бір-бірімен етене, егіз ұғымдар. Мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және тиісті шараның барлығын атқарады. Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды. Сондықтан да, Қазақстанның барша азаматтарын бірлікке, төзімділік пен шыдамдылыққа, жауапкершілікке шақырамын.
Біз бiргемiз! 
 
 
Жаяубаев Жанбол Карымсакович, депутат, Абай Құнанбаев атындағы "Саран гуманитарлы-техникалық колледжі" директорының орынбасары