Тұтқиылдан келген жаман індет – коронавирус дерті барша адамзатқа қауіп-қатер төндіріп, бүкіл әлем алаң күй кешіп, ұлт саулығы сынға түскен сәтте баршаны сабырға, байсалдылыққа шақырып, еліне ақ тілеулі сөзін арнап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын жариялады.
Аталған мақалада Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кіріскені, тиісті сақтандыру шаралары жасалынып, еліміздегі жағдайды оңалту мақсатында көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын және игі мақсаттағы іс-шаралардың бәріне жер-жерлерде бүкіл халық болып қолдау көрсету керек екенін айтып өтті. Сонымен қатар Нұрсұлтан Әбішұлы еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керектігін де баса айтты.
Саран қаласы Аналар Кеңесі, Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кәсіпкер азаматтарымызға өтініш жасап, қазіргідей алабұртпа көңіл жағдайында өз отандастарына, көмекке аса мұқтаж отбасыларына қаржылай, заттай көмегімен қол ұшын беріп жатқандарына алғысын білдіреді және еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайтынына сенімдіміз.
Саран қаласы Аналар Кеңесі төрағасы
Гүлжан Жүсіпбекова