Сегодня: 21.11.2024
Регистрация: в Министерстве информации и коммуникаций Республики Казахстан. Свидетельство №16307-Г от 18.01.2017 года (номер и дата первичной постановки на учет №869-Г от 16.09.1999 года)
Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауына
№ 7 ЖББМИ КММ ұжымының пікірі
 
Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қазақстан халқы басынан талай қиындықты басынан кешті деп айтуға болады. Сол қиындықтарға қарамастан және халықтың «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» деген нақыл сөзінде айтылғандай халықтарымыздың ынтымақтастығы арқасында оны да жеңіп шықтық.
Қазіргі уақытта бүкіл әлемге төніп отырған COVID -19 короновирус жұқпалы ауырының шығуы бар адамзат баласына төніп отырған алапат болып отыр.
Мемлекетіміздің осы ауруға қарсы қабылдаған шешіміне біздің ұжымымыз да өз үлесін қосып отыр. Мектептің ұстаздар қауымы қашықтықтан оқыту жүйесіне бір адамдай көшіп, білім алушылармен жүйелі түрде жұмыс жүргізіп отыр. Туындаған қиыншылықтарға қарамастан білім алушылар үшін бар жағдайлар жасалды. Бұл жағдайды біз осынау ауруды тез жеңудің және өз қызметімізді қандай қиындық болса да атқара алатынымыздың бір белгісі деп санаймыз. Бұл біздің ұжымның осындай қиын кезеңде бір -бірін қолдап отырғанын көрсетеді.
Осы жолдауды біздің ұжымымыз Н. Ә. Назарбаевтың біздің халқымызға деген қолдауы, оларға оңды бағыт беруі және халықтардың өзара ынтымақтастықта болуға шақыруы деп түсінеміз