Сегодня: 21.11.2024
Регистрация: в Министерстве информации и коммуникаций Республики Казахстан. Свидетельство №16307-Г от 18.01.2017 года (номер и дата первичной постановки на учет №869-Г от 16.09.1999 года)

Биыл ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған, ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл. Осыған орай, елімізде көптеген мерейтойлық іс-шараларды өткізу жоспарланған. Оған біздің қала да белсенді ат салысуда. Солардың бірі, тақауда ғана Саран қаласының № 17 мектеп гимназиясында өткен Шығыстың Аристотелі атанған ғұламаның 1150 жылдығына арналған «Әбу Насыр Әл-Фараби және өркениет» атты облыстық форум.

Жыл басынан бері ел көлемінде Әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеу ресми түрде басталып кеткен еді. Еліміздің барлық өңірлерінде іс-шаралар тізбектеліп ұйымдастырылуда. Сол сияқты Саран шаһары да, шет қалып жатқан жоқ. Аталмыш форум облыс көлемінде ең алғаш болып біздің шаһарда өтіп отырған жайы бар. ұйымдастырып отырған Саран қаласының білім бөлімі мен қалалық тілдерді дамыту орталығы.

Форум «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың ұлы тұлғаларын» дәріптеу арқылы тарихи сананы жаңғырту, прогрессивті педагогикалық тәжірибені көрсету, пән мұғалімдері арасында озық тәжірибені тарату және дүниежүзілік ғылым мен мәдениетте көрнекті із қалдырған ұлы тұлға, ортағасырлық ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын кеңінен атап өту және оның өмірі мен шығармаларын этнос өкілдеріне таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

Форумға Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Жезқазған, Балқаш қалалары мен Абай, Шет, Қарқаралы, Жаңаарқа, Осакаров аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, музыка, көркем еңбек пәндерінің мұғалімдері қатысты.

Форум аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Зада Дүкенбаева, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Жандос Смағұлов, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрсахан Бейсенбекова, тарих ғылымдарының кандидаты, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Минара Амрина, тарих ғылымдарының кандидаты, археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Ләззат Шотбакова, дүниежүзі тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті, «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Гүлнара Смагулова, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Дидар Какенова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің докторанты Алмас Иманғалиевтер Әбу Насыр әл-Фарабидің шығармашылығы туралы баяндама оқыса, білім беру ұйымдарының пән мұғалімдері ашық сабақтар, шеберлік сыныптарын өткізді.

Барлығымызға мәлім, әл-Фараби өмір сүрген уақыт айрықша кезең ретінде аталады. Ол жастайынан туған өлкесінде білім алып, Отырар кітапханасында отырып, шаң басқан қолжазбаларды ақтарып, оқу-білімге ерте құмартқан. Бұл зерттелген деректер. Бірақ,ғұлама ғалымның өмірі жайлы ашылмаған ақпарат әлі де бар. Сол себепті, екі өңірдің жоғары оқу орындары бір-бірімен ақпарат алмасып, болашақта бірлесіп жұмыс атқаруға ниетті.

Әл-Фараби адам баласының дүниетанымы жайлы тереңінен зерттеп-зерделеген ғұлама. Оның артында қалған мол мұрасы ешқашанда өзектілігін жоғалтпайды. Сондықтан осындай шаралар жастарға қажет. Себебі ұлы тұлғаларымызды ұмытпай, қастерлеу өскелең ұрпақтың міндеті. Сол себепті іс-шараға ұстаздар  облысымыздың түкпір-түкпіріненшақыртылды. Ұйымдастырушылардың сөзіңше, осындай тағлымы мол шаралар әлі де жалғасын таппақ.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ

Суретті түсірген

Камила ОСПАНОВА