Сегодня: 22.11.2024
Регистрация: в Министерстве информации и коммуникаций Республики Казахстан. Свидетельство №16307-Г от 18.01.2017 года (номер и дата первичной постановки на учет №869-Г от 16.09.1999 года)

«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс».

Нұрсұлтан Назарбаев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қазақстандықтарды елең еткізген еді. Алты бағытты қамтыған мақаладағы негізгі мәселенің бірі – ұлттық бірегейлікті сақтау. Яғни, ұлттық бірегейлікті сақтап, үшінші жаңғыруды жүзеге асыратын ұлттық идеология – мақаланың ұстыны болды. Мұның арғы жағына тереңдесек, ұлттық код, ұлттық мәдениет, ұлттық негіздер, латын жазуына көшу сияқты сүбелі мәселелер шығады. Елбасының бұл мақаласы – астары терең, түсіне білген адамға мәні мен мағынасы бар үндеу.

Жалпы, «Руханият» сөзін алып қарасақ ол - адам баласының ішкі жан-дүниесінің тазалығы, адамгершілік қасиеттердің күн сайын, сағат сайын толығып, жақсылықтар мен игілікті істер жасауға ұмтылуы, ешкімге зиянын тигізбеуі, елін-жерін гүдендіруде ұлттық болмысына сүйене отырып іс жүргізуі. Алып қарайтын болсақ, кезінде ата - бабаларымыздың руханияты өте бай болған. Олар ауыздан-ауызға естіген жыр-дастандарын, аңыздары мен айтыстарын, ырым мен тыйымдарын, ұлттық құндылықтарын, бір-біріне жасалған қайырымдылық пен жақсылықтарын «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деп ұрпақтарына жеткізіп отырған. Бүкіл ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ешқандай шашау шығармай, үйреткен, көрсеткен, жеткізген. Осылайша ұлттық бірегейлікті жүзеге асырып отырған.

Міне, бүгінгі ұрпаққа осы қасиетті де құнды жауҺарларды үйрену, соларды заман талаптарымен үйлестіріп, жаңғырта жасау-рухани жаңғыру делінсе керек. Жазушы-ақындарымыз да, әнші-өнерпаздарымыз да, барлық салада еңбек ететін қызметкерлер де, ең ар жағы саудамен күн көретін қазақтың әрқайсысы ұлттық құндылықтарын алдымен отбасында, сосын қоғамда кеңінен тарату қажет. Ұл-қызына ата-баба жолын жаңғырта отырып жасауға қол ұшын беруі тиіс. Сонда ғана біздің ұлттық болмысымыз сақталады. Ұлтымыздың тарихына бойлатуымыз-бүгін мен кешегінің алтын көпірі.

Қалай болғанда да, жүрегі құлқын емес, ұлтым деп соғатын әрбір жан өз ұлтын мақтан тұтып, ұлтқа тән бар ізгі қасиетті бойына жия білгені жөн.

Орталық қалалық кітапхана