2020 жылғы 26 маусымда қалалық тілдер орталығы Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жанындағы Ресурстық тіл орталығымен бірлесіп «Zoom» платформасы арқылы «Латын графикасы бизнес әлемінде» тақырыбында онлайн конференция өткізген болатын.
Басқосу барысында дәл қазір қоғамдық талқылаудың өзегіне айналып отырған латын әліпби мәселесі қозғалып, жиынға қатысушы – Қарағанды облысының барлық өңірлерінің тіл мамандары, бизнес саласының өкілдері бірлесіп «Латын графикасы бизнес әлемінде» тақырыбында келелі ойлар айтылып, кемел түйіндер ортаға салынды.
Жиынды ашқан Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жанындағы Ресурстық тіл орталығының директоры Г. Мұстағұлова, қазақ қоғамын қазіргі таңда латын әліпбиіне қарқынды көшу шарасы күтіп тұрғанын, бұл мәселе негізінен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған салиқалы саясаттың жеміс екеніне тоқталды.
Конференция модераторы, Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының директоры – Г. Шакенова қатысушыларды іс-шараның мақсат-міндеттерімен таныстырды.
Келесі кезекте сөз алған ресурстық тіл орталығының әдіскері - Ә. Смықова «Қазақ жазуын латын графикасына көшіру тиімділігі» тақырыбында баяндама жасап, әлемдік брендті қалыптастырудағы латын графикасының маңызы туралы әңгімеледі.
Шын мәнінде бұл жолғы тарихи таңдау кімді болсын бей-жай қалдырып отырған жоқ. Өзінің тағдыр-талайын Қазақстан елімен байланыстырушы әрбір этнос, тіпті байырғы этникалық жұрт қазақ туғандардың өзі сан түрлі пікір мен сан қилы ойларға берілуде. Осындай алмағайып тұста атамыз қазақ «шымшық сойса да, қасапшы сойсын» дегендей, мамандар тарапынан айтылған келелі ойларға тоқталсақ: біріншіден, қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі Қазақстанды рухани жаңғырту бағдарламасының өзегі болып табылады. Сонымен қатар елдегі үштілділік білім беру жүйесін қалыптастыру кезінде, жас ұрпақтың үш тілді бірдей меңгеруін жеңілдетеді. Яғни қазақ тілін үйрену үшін қолжетімділік артып, бизнесті дамыту тұрғысынан да, тілдің тартымдылығына жол ашылады деген пайымдар жасалды.
Іс-шараның соңында Саран қаласының тілдерді дамыту орталығының әдіскері Б: Жарылғапова «Латын әліпбиі бизнес әлемінде» атты тақырыпты қозғай отырып, «Faberlic» компаниясының тарихы мен өнімдеріне қатысты викторина өткізді. Викторина қорытындысы бойынша Балқаш қаласынан Юсупова Лаура І орынға, Ұлытау ауданынан Қожахметова Дүйсенкүл – ІІ орынға, Осакаров ауданынан Балтабаева Райхан ІІІ орынға ие болып, аталмыш компанияның сыйлықтарын жеңіп алды. Сыйлықтар пандемия аяқталғаннан кейін өз иелеріне табысталады.
«Латын графикасы бизнес әлемінде» тақырыбындағы онлайн конференцияны ұйымдастырудағы басты мақсаты - қазақтың латын әліпбиіне көшуді насихаттау, соған алғашқы негіздерін үйрету және осындағы жиналған бизнес өкілдері мен тіл мамандарына көрсету, үйрету арқылы олардың ұжымдарында латын тілін ары қарай тарату болады.
Латын әліпбиі - сан ғасырдың серпілісі. Ұйымдастырушылар онлайн конференциядан қатысушылардын алған-түйгендері мол болатынына сенеді. Елбасының «2025 жылға дейін түбегейлі латын қарпіне көшуіміз керек» деген сөзін ескерсек, «Латын графикасы бизнес әлемінде» атты онлайн конференция осы мақсатқа жетуге тағы бір қадам.
Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ
вляется развитие креативности детей и подростков.
Также школа проводит профориентационную деятельность, которая ведется не только на протяжении учебного года, но и во время каникул. Возраст и класс значения не имеют, так как это тот раздел, который направлен, в первую очередь, на ознакомление с различными видами профессий. Для этого будет проведен интелектуальный конкурс «Моя будущая профессия».
Проводятся мероприятия, посвященные нашему городу «Мой город», где дети фотографируют свои дворы, архитектурные строения, рисуют на улицах родного города.
Все это направлено на раскрытие способностей каждого ребенка на основе удовлетворения их интересов и не реализованных потребностей, прежде всего духовных, интеллектуальных, двигательных, творческих через активное участие в предложенных видах деятельности.