№6 Сайлаушылар тізімдерінде өзіңізді қалай тексеруге болады?
- 7
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.
Әрбір азамат өзі туралы сайлаушылар тізімдеріндегі деректерді оның тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелерінің үй-жайларында дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы 7 тамыздан бастап тексере алады.
Әскери бөлімдерде, шалғай және қатынасу қиын аудандарда, демалыс үйлерінде, санаторийлік-курорттық ұйымдарда, үздіксіз жұмыс істейтін өндірісі бар ұйымдарда, жұмысты вахталық әдіспен ұйымдастыру орындарында, қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінің жанынан құрылған сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізімдермен дауыс беру күніне бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы
17 тамыздан бастап таныса алады.
Тiзiмге енгiзiлмеген, дұрыс енгiзiлмеген немесе тiзiмнен шығарып тасталған, сондай-ақ дәлсіздік жiберiлген жағдайда азамат сайлау комиссиясына сайлаушылар тізімдеріндегі деректерді түзету қажеттігі туралы шағымдануға құқылы.
Түзетуді немесе тізімге енгізуді сайлау комиссиясы дереу жүргізеді. Сайлау комиссиясы өтініш мақұлданбаған жағдайда азаматқа оның өтінішінің мақұлданбағаны туралы уәжді шешiмнiң көшiрмесiн дереу бередi. Шешiм бойынша сайлау комиссиясы орналасқан жердегі сотқа шағым жасалуы мүмкін, сот шағымды келіп түскен күні қарайды.
Жаңару үшін дауыс бер!
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы
Мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігі: заңның жаңа талаптары
- 15
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заң қолданысқа енгізілді.
Құмар ойындар мен мемлекеттік қызмет — бір-бірімен үйлеспейтін ұғымдар
- 17
2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңда мемлекеттік қызметшілер үшін құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға байланысты жаңа міндетті талап белгіленді.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әр адамның азаматтық борышы
- 16

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын.
Болашаққа бастайтын таңдау
- 25
Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды саяси өзгерістер жүзеге асуда. Маңызды қадамдардың бірі – Құрылтай институтының құрылуы. Бұл жаңа саяси құрылым заң шығару қызметін жүзеге асырып, республикалық бюджетті бекіту, Үкіметтің қызметіне парламенттік бақылау жасау және елдің даму бағытын айқындайтын маңызды шешімдерді қабылдау міндетін атқарады. Биыл 23 тамызда елімізде алғаш рет Құрылтай депутаттары сайланады. Бұл – елдің жаңа саяси жүйесін қалыптастырудағы тарихи қадам.
Шетелде дауыс беру
- 35
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.
Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және Қазақстан Республикасының жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.
Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген Қазақстан Республикасының азаматтары учаскелік сайлау комиссиясына жүгінген жағдайда және оларда Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болған кезде сайлаушылар тізімдеріне енгізіледі.
Егер тізімге енгізілген сайлаушылардың бәрі дауыс беріп болса, дауыс беру кез келген уақытта аяқталды деп жариялануы мүмкін.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелерінің тізімі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурстарында қолжетімді.
Жаңару үшін дауыс бер!
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы
Саяси партиялардың Қарағанды облысы Саран қаласының сайлаушыларымен кездесулерінің кестесі
- 30
Саяси партиялардың Қарағанды облысы Саран қаласының сайлаушыларымен кездесулерінің кестесі
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ: САПА, ЗАҢДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
- 26
Азаматтардың мемлекеттік қызметтерді сапалы, уақытылы және заң талаптарына сәйкес алуы – мемлекеттік басқарудың тиімділігін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕ ӨСУ ЖӘНЕ МЕРИТОКРАТИЯ ҚАҒИДАТЫ
- 27
Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру еліміздің тұрақты дамуының маңызды бағыттарының бірі. Мемлекеттік аппараттың тиімділігі қызметкерлердің кәсібилігіне, адалдығына және жауапкершілігіне тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, мемлекеттік қызметте мансаптық өсуді қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі – меритократия қағидаты.
Қазақстан Республикасының сайлау учаскелерінен тыс жерде дауыс беру
- 25
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.







