Бүгін: 22.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

САРАН ҚАЛАСЫНДА ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНДА 10 АДАМ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ МЕН КИІМ-КЕШЕКПЕН ҚАМТАМЫЗ ЕТІЛДІ.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл Жарты Айы екінші жыл қатарынан Қарағанды облысының әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетіп келеді. Осы жолы киелі Рамазан айында Қызыл Жарты Ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалы Бұқар жырау ауданында қайырымдылық акциясын өткізді. Игі іс Саран қаласында да жалғасын тапты.

2022 жылғы 25 сәуірден бастап Саран қ. ПБ халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізеді. Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың түріне қарай оның қажылық бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің оннан жүзге дейінгі сомасында ақша қаражатын төлеуді көздейді.




Саран қаласы әкімінің «ИДЕЯДАН ШЫНАЙЫЛЫҚҚА ҚАРАЙ»

бизнес-идеялар мен жобалар байқауының

ЕРЕЖЕСІ



I Жалпы ережелер

Біз қазір жаңаша өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де баршылық. Қазіргі уақытта цифрлық технологияға көшу жүзеге асып жатыр. Бұл - мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыруға өз үлесін тигізері сөзсіз. Пандемия - мемлекеттік қызмет көрсету саласының цифрлануын тездетті. Бүгінде цифрлық бағдарламалар барлық дерлік салаларда азды-көпті енгізілген. Мемлекеттік қызметтерді алу электронды жүйеге ойысқан. Сөйтіп, цифрландыру жүйесіне көшуге өмірдің өзі мәжбүрледі. Кейін карантин шектеулері босаңсытылғанымен, халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттарды рәсімдеу оффлайнмен бірге әлі онлайн форматта да жүргізіліп жатыр.

БАЛАЛАР ӨНЕР МЕКТЕБІНІҢ БІЛІКТІ ПЕДАГОГТЕРІ ОБЛЫСТЫҚ КӨРМЕ-БАЙҚАУЫНАН ЖҮЛДЕЛІ БОЛЫП ҚАЙТТЫ.

Таяуда Қарағанды қаласында «О, Казахстан, пою тебе…» тақырыбында дәстүрлі «МастерART» облыстық көрме-байқауы өтті. Көрмеге көркемөнер, өнер мектептерінің, бейнелеу студияларының педагогтері қатысты. Жылдан жылға қарқын алып, облыс педагогтері арасында белең алып жатқан дәстүрлі шараға балалар өнер мектебінің оқытушылары да өз жұмыстарын ұсынып, шеберлік-сыныптарда тәжірибелерімен, көненің көзін дәріптейтін, тарихтан сыр шертетін көркем өнердегі шығармашылық идеяларымен бөлісті.

Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да, қарсы тұруы тиіс.

Бүгінгі күнгі бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында және әліпбиді сараптауға мүмкіндігі бар маман ретінде ғалымдар мен ұстаздар қауымының алдында тұрған басты міндет – қазақ тілін, тиімді нұсқасын таңдау арқылы, латын әліпбиіне көшіру үрдісі болып отыр. Ахмет Байтұрсынұлы: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық» - дей келе, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуының бірден-бір жолы екенін меңзегендей болып көрінеді.

«ШЫНЫҚСАҢ – ШЫМЫР БОЛАСЫҢ» ДЕМЕКШІ, ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЫ АДАМ БАЛАСЫНА ҚАШАН ДА ПАЙДАЛЫ. КҮНІ БОЙЫ ӨЗІҢДІ СЕРГЕК СЕЗІНІП ЖҮРУДІҢ ДЕ БІР ТӘСІЛІ – СПОРТ.

Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен. Олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың» деп бекер тұжырым жасамағаны анық. Күніне кем дегенде 20 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам өзін сергек, көңілді әрі өзіне сенімділігін арттыратыны анықталғаны белгілі.

1986 ЖЫЛЫ ЧЕРНОБЫЛЬ АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНДА АПАТТЫ ЖАРЫЛЫС БОЛЫП, ДҮЙІМ ЖҰРТҚА ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАТЕР ОРЫН АЛДЫ. КЕҢЕС ОДАҒЫ ТАРИХЫНДА ҚАРАЛЫ КҮН БОЛЫП ҚАЛҒАН ОСЫ ОҚИҒАНЫҢ САЛДАРЫ КӨПТЕГЕН АДАМНЫҢ ТАҒДЫРЫН ӨЗГЕРТІП, ҰМЫТЫЛМАСТАЙ ІЗ ҚАЛДЫРДЫ.