- 563
НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ – ЕЖЕЛГІ ЗАМАННАН ҚАЛЫПТАСҚАН ЖЫЛ БАСТАУ МЕЙРАМЫ. ҚАЗІРГІ КҮНТІЗБЕ БОЙЫНША НАУРЫЗДЫҢ 22-СІ КҮН МЕН ТҮННІҢ ТЕҢЕСУІ КЕЗІНЕ КЕЛЕДІ. НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАУ ДӘСТҮРІ ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ КӨПШІЛІГІНІҢ ТҰРМЫС-САЛТЫНДА БАҒЗЫ ЗАМАНДАРДАН ОРЫН АЛҒАН.
- 548
ЖЕРЛЕСІМІЗ ЩУЧИНСК ҚАЛАСЫНДА ӨТКЕН ГРЭППЛИНГ ГИ ЖӘНЕ НО ГИДЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КУБОГЫНДА БІР ДЕГЕН ДЕ ҚОС АЛТЫНҒА ИЕ БОЛДЫ.
Таяуда Щучинск қаласында жастар және жасөспірімдер арасында грэпплингтен жарыс ұйымдастырылды. Жан-жақтан келген кілең мықтылардың бәсекесінде Саран қаласының намысын талай дүлділдерді түлетіп ұшырған «Arystan» спорт клубының шәкірті Жанель Кусаинова қорғады.
- 527
«ЕҢБЕК ЕТПЕЙ ЕЛГЕ ӨКПЕЛЕМЕ, ЕГІН ЕКПЕЙ ЖЕРГЕ ӨКПЕЛЕМЕ». БҰЛ МАҚАЛ ӘСІРЕСЕ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢГЕ САЙ АЙТЫЛЫП, ЕНЖАРЛЫҚТАН ЕТЕК-ЖЕҢІН ЖИЯ АЛМАЙ ЖҮРГЕНДЕРГЕ ҚАМШЫ БОП ТИСЕ ИГІ. ҚАЗІРГІ КҮНІ «ІС ҚЫЛАМЫН, ҚОҒАМҒА ПАЙДА ТИГІЗЕМІН» ДЕГЕН ЖАСТЫҢ ЖОБАСЫ ДАЙЫН, ЖОЛЫ АШЫҚ.
- 609
«Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2022 жылғы 1 наурызда Саран қалалық полиция бөлімінде Алғыс айту күнін мерекелеу аясында «Рақмет саған, Отаным!» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді.
- 546
Таяуда «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Қарағанды облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес колледж студенттері арасында облыстық пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.
Жарысқа қатыспас бұрын ең алдымен әрбір колледж ішіндегі лигалар арасында облыстық турнирге қатысу үшін іріктеу ойындары өткізілген. Саран қаласының жігерлі жастары да бұл турнирден қалыс қалмай, бақтарын сынап көрді.
- 532
Қарды уақытылы жинау және шығару өзектілігі
«Саран қалалық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ шағын және орта бизнес субъектілерін, ПИК, ЖӨБ, бюджеттік ұйымдарды және біздің Саран қаласы мен Ақтас кентінің барлық азаматтарын су тасқыны кезеңінде санитариялық – эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеу үшін іргелес аумақтағы қарды уақтылы жинау және шығару жұмыстарына бойынша белсенді қатысуға шақырады, сондай-ақ жеке сектор тұрғындарынан іргелес аумақтағы күл-қоқысты шығаруды өтінеміз.
«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ
- 553
САРАН ШАҺАРЫНДА МЕЙІРІМДІЛІК ПЕН СҰЛУЛЫҚ, ДАНАЛЫҚ ПЕН РУХАНИ ҚУАТТЫЛЫҚ САЛТАНАТ ҚҰРҒАН, ЯҒНИ, 8 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ ОРАЙ ТҮРЛІ ШАРАЛАР РЕТ-РЕТІМЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛЫП, САРАНДЫҚ АЯУЛЫ АНАЛАР МЕН ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР ЕРЕКШЕ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ.
Осы орайда, Саран қаласы білім бөлімінің басшысы Арман Бақтыбаев Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында, ұстаздар қауымын құттықтады. Мерекелік шара қалалық «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының акт залында өтті.
Салтанатты жиынға қала мектептерінің ұстаздары мен білім саласының ардагерлері қатыстырылды.
- 531
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Саран қаласының мәдениет үйінде аяулы арулардың құрметіне мерекелік концерт ұйымдастырылды. Салтанатты шарада қаламыздың қоғамдық өміріне атсалысып жүрген, түрлі салада белсенділігімен көзге түскен нәзік жанды мамандар марапатқа кенелді.
Көктем мезгілімен бірге айналаның барлығы да әдемі қанық түстерге боялып, күннің шұғылалы сәулесі бойға жылулық сыйлап, көңілге қуаныш ұялата түседі. Көктемнің алғашқы лебімен бірге келетін мейрамда ару қыз-келіншектерге ерекше ілтипат көрсетіліп, қадір-қасиеттері арта түседі. Биыл да Саран қаласында ерек мерекелік шара өткізілді. Концертке қатысқан барлық қыз-келіншектерге хош иісті гүл шоқтары беріліп, ізгі тілектер айтылды. Әуезді әннің сүйемелдеуімен сахнаның дәл ортасында ілініп тұрған «Led» экран арқылы қаламыздың арулары көрсетілді.
- 514
Жыл сайын әлемнің барлық мемлекеттерінде 1 наурыз күні – Дүниежүзілік Азаматтық қорғау күні атап өтіледі. Бәрімізге мәлім, біздің елімізде көктемнің алғашқы күні бір-бірімізге алғыс айтудан басталады. Осы атаулы қос мереке аясында Саран қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен қалалық аурухананың өкілдері Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушыларымен кездесті.
Кездесу басталмас бұрын Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің алғашқы әскери технологиялық дайындық пәнінің мұғалімі Аманбек Бидахметов жоғары сынып оқушыларға эвакуация кезінде ұстанатын тәртіп пен ережелермен таныстырып, адам денсаулығына зиян келтірмейтін қауіпсіз жерге шығу жолдарын егжей-тегжей түсіндіріп берді.
- 500
Көктем мезгілі – Саран қаласының төтенше жағдайлар бөлімі үшін қарбалас тіршілікке толы маусым. Себебі қыс бойы жиналып қалған жұмыстар, еріген қар, су тасқыны секілді айтып келмейтін төтенше жағдайлардың барлығы дәл осы мезгілде көп орын алады. Апат айтып келмейді. Оған қашан да дайын болу үшін жыл сайын «Көктем – 2022» оқу-жаттығулары ұйымдастырылып тұрады.
Ағымдағы жылы дәстүрлі шара 3 наурыз күні «Сұңқар» стадионының алаңында сап түзеуден бастау алды. Оқу-жаттығуға Саран қаласының әкімі Ержан Темирханов қатысып, қаламыз қаншалықты төтенше жағдайларға дайын екендігіне, дайындық әзірлігіне өзі көз жеткізді. Оқу-жаттығуға қалалық полиция бөлімі, азаматтық қорғау өртке қарсы қызметі, инженерлік қызмет, медициналық көмек көрсету қызметі және басқа да төтенше жағдайлар құрылымдары мен мекемелердің өкілдері қатысты.