- 346
Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде білікті оқытушылар жұмыс істейді. Олардың әрбірі өз жұмысына өте тиянақты. Әрдайым ізденіс үстінде, шығармашылықтарын шыңдап тұрады. Себебі, әр ұстаздың сабақ беру әдісі, студенттермен тілдесуі, білім нәрімен сусындатуы бөлек. Жиырма жылдық тәжірибесі бар Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледж директорының оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Ернар Дулатұлы Махаметчин үшін жастарға сапалы білім беру маңызды. Өзі осы қара шаңырақтың түлегі болғандықтан, оған оның әрбір бұрышы ыстық.
- 296
Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Күш» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің мұрындық болуымен Саран қаласының 70 жылдығына орай ерекше қажеттіліктері бар адамдар арасындағы қалалық турнир өтті.
- 295
Саран қаласындағы Чкалова 61 мекенжайы бойынша орналасқан «Планета» киім-кешектер мен аяқ киімдер сататын дүкенінің қоймасында өрт шығып, екі адам түтіннен тұншығып ішінде қамалып қалды. Саран қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің «Қауіпсіз сауда» республикалық акциясы шеңберінде жүргізілген кезекті оқу-жаттығу жұмыстары дәл осылай өрбіді.
- 653
Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 22-бабында: Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар, ол өз нанымдарын, пікірлері мен көзқарастарын еркін қалыптастыру, білдіру және өзгерту құқығын қамтиды. Бұл құқыққа діни сенім бостандығы және зайырлы мемлекеттің негізгі қағидаты болып табылатын ешқандай дінді ұстанбау бостандығы кіреді.
- 345
22 шілде күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени ағартушылық жобасы аясында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінің профессор ассистенті, тарих ғылымдарының кандидаты, этно-мәдени және тарихи-антропологиялық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Мәулен Жакин мен «Дакия» румын мәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жастар қанатының жетекшісі, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық ұйымы жетекшісінің орынбасары Александр Урмашов Саран жастарымен кездесті.
- 318
Қарағанды облысының нотариаттық палатасының басқарма мүшесі, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы, өмірін заңмен тікелей байланыстырған, жиырма жылдық тәжірибесі бар Саран қаласының білікті нотариусы Ерденбай Елюбайұлы Тажитаев республикалық нотариаттық палатаның «Нотариат саласындағы адал еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
- 345
Ұстаздық етуді бала кезінен арман еткен, білім саласымен өмірін ұштастырған Аққу Құсайынқызы Муфталованың Саран қаласында тұрып жатқанына биыл – 25 жыл болса, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжде жұмыс істеп жүргеніне 20 жылдан асты. Осы уақыт аралығында жоғары санатты оқытушының білім саласына қосқан еңбені ұшан-теңіз.
- 435
Аллаға шүкір, еліміз егемендігін алғалы етек-жеңімізді жиып, рухани дүниелеріміз түгенделуде. Ұлттығымыздың негізгі белгілері – дініміз бен діліміз, тіліміз қайта түлеп, жаңғыра бастады. Бұл ең әуелі Ұлы Жаратушы Алла Тағаланың бізге деген сыйы деп ұғынуға тиіспіз.
- 291
Адамзат қоғамының алғашқы кезеңінен бастау алып, ғасырлар бойы әртүрлі қоғамдарда түрліше көріністе жалғасып келе жатқан дәстүрлі құндылықтар жүйесі бар.