Бүгін: 23.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі түрлі нәрсе керек: біріншісі – зор билік, екіншісі – есепсіз байлық.

Абай Құнанбайұлы 

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы  – Ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау – өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз.

Карате – қарусыз қорғанудың бір түрі. Яғни, аяқ және қолмен қарсылас денесінің осал тұсына соққы беруге негізделген.Бұл спорт түрі XV ғасырда Рюкю топаралындағы Окинава аралдарында пайда болған. Каратенің дүниеге келуінің негізгі себебі – сол кездегі князь Се Хайсидің (1470) қару ұстауға рұқсат бермеуінде екен. Ол кезде Окинава Жапониямен емес, Қытай елімен көбірек байланыста болған. Сондықтан, каратeнің қарқынды дамуы Қытайдың кунг фу қарусыз күрес түрімен байланысты. Қазір каратeнің «каратe-до» (олимпиядалық спорт түрі), оның «шотокан», «кекусинкай», «ситро-рю», «годзюрю», «вадо-рю» деген түрлері бар.

Кеше қалалық мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің алғашқы отырысы өтті. Айта кетейік, ресми орындар мен бұқара халықтың арасын тығыз байланыстыра отыра жұмыс жасайтын аталған бейресми ұйым біздің шаһарда алғаш рет үстіміздегі жылғы маусым айында құрылған болатын.

Татарстан астанасы Қазанда болған қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан мектептеріндегі қауіпсіздік мәселесі жиі көтеріле бастады. Еліміздегі мектептердің қауіпсіздігіне құқық қорғау қызметкерлері емес, ең алдымен мекеменің өзі, одан кейін сол мектептің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған күзет ұйымы жауапты. Ал ғимаратта атыс немесе теракт болған жағдайда оқушылар мен мұғалімдер тек теория жүзінде үйренген әдістерін іске асыруға мәжбүр.

Қазақ  ұлтының   кешегі көрінісі  көшпелі болса, бүгінгі күнде тәуелсіздігін  алған егемен ел. Еліміз  басына түскен  сын сағаттарда сыннан сүрінбей өтіп,тарыдай шашылмай, жұдырықтай жұмылып, ынтымақ пен ауызбіршіліктің туын желбірете білді.

Қай жерде, қай кезде болмасын тазалықтың орны ерек. Қоршаған орта, жан, тән тазалығы адам үшін қашанда бірінші орында. Айналамызға көз салсақ, тоқтаусыз ағылған көлік, жөнсіз тасталған қоқыс. Арнайы «қоқыс жәшігі» болса да, кей жерден шашылып жатқан қоқысты көзіміз шалып қалатыны жасырын емес.

АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана Талибанды мойындау мәселесінде халықаралық қауымдастықтың ұстанымын толықтай қолдайды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.