Бүгін: 24.12.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

«Саран қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 2023 жылғы 15 мамырдан бастап 400 АЕК мөлшерінде қайтарымсыз мемлекеттік грант алуға өтінімдерді қабылдау басталғанын еске салады.

Әуесқой мотоциклшілер күз-көктемде бірнеше рет бас қосып, мото саласындағы жаңалықтармен бөліседі, талқылайды, пікірлеседі. Ал, жаз шыға қала көшелерінде жүйтки бастайды.

Осыған орай жадыраған мамыр айының 13 жұлдызында Саран шаһарында байкерлер мотомаусым шымылдығын түрді. Бұлттай үйірілген мотошабандоздар әдеттерінше бүкіл қаланы аралап, думандатты. Онысымен мотоциклшілер және скутуристер өздеріне авомобилистердің назарын жолда жүрушілер ретінде аударғысы келеді және сол арқылы қос дөңгелекті көлікпен болатын ЖКО азайтуды көздейді.

Сүйінші Саран халқы! Шаһарымызда тағы да бір зауыттың іргетасы қаланғалы жатыр. Жуырда қалалық мәдениет үйінде Саран қаласының Ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің мұрындық болуымен «Саран қаласының солтүстік өндірістік аймағында орналасатын металл бұйымдарын ыстық мырыштау зауытын салу» мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау болып өткен болатын.

Мамыр айының 11 жұлдызында Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өткен болатын.

Алқалы жиынға Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі қалалық комиссия төрағасының орынбасары, Саран қаласы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Н. Хамитов төрағалық етті.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері сырт келбеті ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономиканы басқару тәртібі де өзгеріп келеді. Болып жатқан өзгерістер әрине жақсы, бірақ сол өзгерістермен қатар мемлекетіміз «сыбайлас жемқорлық» деген тамырласқан індетпен күресуге тура келеді. Өкініштісі сол, сыбайлас жемқорлық мемлекетімізбен жарыса өсіп, ел экономикасының қарқынды дамуына үлкен кедергі келтіріп отыр. Сондықтан оны болдырмау, оның алдын алу мақсатында елімізде көптеген іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.

«Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында портфельдік субсидия және кепілдікке өтінімдер қабылдана бастады. Әзірге @centercreditkz пен @bankffin.kz арқылы қаржыландыру жүріп жатыр.

Қор жүзеге асыратын осы бағдарлама аясында 20 млн теңгеге дейін несиені қажет ететін кәсіпкер «Ұлттық жоба» аясында несиесінің пайызын субсидиялап, банк талап еткен кепілзат жетпеген кезде қосымша кепілдікті де қолдана алады.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Саран қалалық аумақтық инспекциясы» ММ жануарларды бірдейлендіруді және есепке алуды жүргізу қажеттігі туралы хабардар етеді.

Жануарларды бірдейлендіру жануарлардың саулығын, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін бақылаудың кепілі болып табылады.

Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күніне 78 жыл толып отыр. Сораңдының халқы жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күнінде майдан даласында мерт болған сарбаздарды еске алып, оларға тағзым жасауды естен шығарған емес. Бұл дәстүр биыл да жалғасын тауып, шаһар әкімі Ержан Оралұлы бастаған ел ағалары Жеңіс Стеласы – яғни, Тағзым алаңында өткен гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Отан үшін ерлік танытқан жауынгерлерді еске алуға Ержан Темирхановпен бірге қаланың бірінші басшылары, тыл ардагерлері, «Ардагерлер кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Саран қалалық филиалы, қала мекемелерінің, кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері, 44803 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.

Жиналғандар майдан даласында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алып, бейбіт күн үшін кеудесін оққа тосқан жаужүрек жауынгерлердің рухына тағзым етіп гүл шоқтарын қою рәсімі орындалды. Сонымен қатар, Тағзым алаңында орналастырылған үлкен Led-экранда біздің жерлес соғыс ардагерлерінің суреттері көрсетілген «Ер есімі – ел есінде» атты акцияның онлайн трансляциясы жүргізілді.

Өткен аптада Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 жылғы 6 желтоқсандағы №22-32-18.454 Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында жасына қарамастан барлық қазақстандықтардың қатысуымен «Еркін ел ұрпағы» жалпыұлттық диктантын ұйымдастырған болатын.

Жалпыұлттық патриоттық диктанттан Саран шаһары да тыс қалмады. Шараның мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, диктант мәтіні арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу.

Диктантқа қатысушылардың жас ерекшеліктері мен тілдік ерекшеліктеріне шектеу қойылған жоқ. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер, ұстаздар қауымы мен бақа да еңбек адамдары өз еріктерімен диктантқа атсалысты.

Саран қаласында бұл күндері бірнеше ұлт өкілдері тұрады. Егемен елімізді «Отаным» деп таныған барлық ұлттар мен ұлт өкілдері сыйластығы мен достығы, татулығы мен ынтымағы жарасып ғұмыр кешуде. Олардың достығы мен ынтымақтастығы – біз үшін еш нәрсемен бағаланбайтын құндылық! Сенімі мен жарқын көңілі – сол достықты берік ететін тірек саналады.

Өткен аптада Саран қаласының полиция бөлімі мен Саран қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Саран, Шахтинск, Абай шаһарлары полицейлерінің арасында «Тіл – татулық тірегі» атты байқауы өткен болатын. Ондағы мақсат - «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңын, Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, қала тұрғындары мен полиция бөлімі қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру болды.

Байқау «Таныстыру», «Кім жылдам?», «Ұлы тұлғалар», «Тіл – татулық тірегі» тақырыбындағы шешендік қабілеттерін көрсететін төрт кезеңнен тұрды. Мәселен, «Таныстыру» кезеңінде - әр топ команда атауымен топ мүшелерін таныстырса, «Кім жылдам?» атты екінші кезеңде қатысушыларға Тәуелсіздік алғаннан кейінгі айтулы оқиғалар туралы сұрақтар берілді, тапсырмалар «kahoot» платформасы арқылы орындалды.