- 520
№2 жалпы білім беретін мектепте алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 18 оқушы қабылданып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған.
- 509
04 қыркүйек күні Саран қаласының Полиция бөлімінің қызметкерлері арасында қалалық Тілдерді дамыту орталығының қызметкерлерінің қатысуымен Тілдер мерекесіне арналған «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» атты байқау ұйымдастырылды. Байқауға полиция қызметкерлерінен құралған екі топ қатысып, өзара бақ сынасты. Екі топқа мемлекетіміздің тәуелсіздігіне, тарихына, әдебиетіне, Ұлы тұлғаларына байланысты сұрақтар қойылды, мемлекеттік тілде іс – қағаздар жүргізу бойынша да білімдері тексерілді. Жеңімпаз атанған топ арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды. Тілдерді дамыту орталығының қызметкерлері Динара Тәрбиеқызы мен Альбина Оспанқызына Саран қаласының полиция бөлімінің бастығы Асылбек Қасқырбайұлы Сейтжановтың алғыс хаттары табысталды. Мерекелік іс – шара тартымды және көңілді өтті. Осындай іс – шаралар алдағы уақытта да жалғастырылады.
- 476
Саран қаласының 70 жылдығы мен Конституция күні қарсаңында дәстүрлі қалалық веложарыс өтті.
- 501
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — қазіргі замандағы ең өзекті мәселе. Сыбайлас жемқорлықпен күресте, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып табылады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып сыбайлас жемқорлықпен күресу болып табылады.
- 508
Кеншілер күні қарсаңында «Сокурская» шахтасында қаза тапқан кеншілерге арналған мемориалына гүл шоқтары қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды.
- 478
23 тамыз күні «Ана үйі» қоғамдық қорының Қарағанды қаласындағы «Дом мамы» ресурстық орталығының өңірлік маманы Надежда Жалбаева Саран қаласының отбасын қолдау әлеуметтік орталығына келіп, жүзеге асырылып жатқан тың жобалар жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
- 505
Жалынды жастардың тілін тауып, спортқа баулитын «Saran Jastar Fest» мерекелік бағдарламасы кеншілер күніне орай өз жалғасын тапты.
- 494
Сіздерді Білім күнімен құттықтаймыз!
- 499
Сіздерді мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!





