Бүгін: 26.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қаскүнемдер шоттардан ақша ұрлау үшін неше түрлі тәсіл ойлап табады. Өздерін банктің қызметкерлеріміз деп таныстырып, сенімге кіріп алады. Олардың әдістерінің бірі – атыңызға ресімделген-мыс қомақты сомадағы кредитті «жою». Олар жаңылыстыру үшін тіпті банктің логотипі мен мөрі бар түпнұсқаға ұқсас құжатты жібереді. Алаяқтықтың бұл схемасын біз графикалық ақпаратымызда толық суреттедік.

 

 

Егер сізге осылай телефон соқса, мыналар сізді алаңдатуы тиіс:

  • көп жағдайда алаяқтар орысша сөйлеседі, ал банк қызметкері екі тілде де сөйлейді немесе сіздің өтінішіңізбен қазақ тілді маманға қоса алады;
  • олар бөлімшеге телефон соқпауға немесе бармауға көндіреді, мұның себебін ол жақта не болып жатқанын білмейтінімен және сізге көмектесе алмайтынымен түсіндіреді;
  • міндетті түрде WhatsApp арқылы байланысуды ұсынады, өйткені бұл ақша аударылатын картаның нөмірін жіберуге ыңғайлы екенін және бөтен қосымшаларды жүктеу үшін клиент интернетке кіре алатынын айтады;
  • құжаттарды WhatsApp арқылы жібереді, ал іс жүзінде барлық ресми хаттар сұрату бойынша поштаға банктің ресми пошталық мекенжайынан жіберіледі.

Сақ болыңыз! Бейтаныс адамдардың соққан қоңырауына сенбеңіз! Ешқашан картаңыздың деректері мен құпия мәліметтеріңізді айтпаңыз. Сәл күдік туындаса, тұтқаны бірден қойыңыз!

 

Отдел полиции г. Сарани