Бүгін: 26.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

САРАН ҚАЛАСЫНЫҢ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕ ЗАҢБҰЗУШЫЛЫҚТАР ОРЫН АЛМАҒАН. БҰЛ ТУРАЛЫ ӨТКЕН АПТАДА ҚАЛА  ӘКІМІ  АППАРАТЫНЫҢ ИНСТАГРАМ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІСІНДЕГІ ЖЕКЕ ПАРАҚШАСЫНДА ӨТКЕН ТІКЕЛЕЙ ЭФИР БАРЫСЫНДА АЙТЫЛДЫ.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Тікелей эфирде Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Айгүл Мусалиева мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бөліммен 2021 жылда атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады. Онлайн шара «Адал көмек» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімін 8 мемлекеттік қызмет түрі көрсетеді. Атап айтатын болсақ, оларға: елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру, Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру, эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу, құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру, халықаралық, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыру, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру  және жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары кіреді.

Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесімен 2021 жылы барлығы 1111 мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның 887-сі (Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 887) мемлекеттік корпорация арқылы, ал 149-ы (Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 82, эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу – 55, объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу)бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру – 12) «Е-Лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры арқылы жүзеге асырылған екен.

Бұдан бөлек, мемлекеттік органмен елді мекен шегінде объектілер салу үшін жер учаскесін беру бойынша 75 мемлекеттік қызмет көрсетіліпті.

«Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту, «Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдар болған жоқ. Сонымен қатар, есепті кезеңде жіберілген тұлғалардың көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына шағымдарын қарау мерзімдерін бұзу  фактілері орын алмады», - деді Саран қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Айгүл Мусалиева.

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ