Бүгін: 08.09.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

КЕҢЕС ӘСКЕРІНІҢ АУҒАН ЖЕРІНЕН ШЫҒАРЫЛҒАНЫНА БИЫЛ 33 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕЖДІҢ СТУДЕНТТЕРІ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ.

Он жылға созылған Ауған соғысы халқымыз үшін оңайға соқпағаны анық. 22 мыңға жуық отандасымыз сұм соғыстың куәгері болды. Ұлы Отан соғысынан екі есе ұзаққа созылған бұл майданда 89  жерлесіміз қару асынып, Кеңес әскері қатарында шайқасты. Бұл туралы Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледж студенттерінің «Ауғаныстан – айықпас дерт» атты кездесу кешінде айтылды.

Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету мақсатында ұйымдастырылған  шарапаты мол шараға жауынгер-интернационалисттер: Василий Казимир мен Роберт Арсентьев қатысты.

Шара барысында жастардың назарына 1979-1989 жылдардағы ауған соғысының көріністері арнайы бейнефильм мен бейнероликтер арқылы көрсетілді. Студенттер  сұрапыл жылдарға арналған өлең жолдарын мәнерлеп оқып, сол бір сәттерді жеткізуге тырысты.  Ауған соғысында қаза тапқан ардагерлер бір минут үнсіздікпен еске алынды. Әндер шырқалып, көріністер   қойылды.

 Колледж қабырғасында өрбіген кеште ауған соғысының ардагерлері кіші буын өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, жеңістің жемісін түсіндірді. Тарихтан тағылым, өткеннен өнеге беруді бірінші орынға қойған колледж ұжымы – осылайша  ұлттық патриотизмнің бір парасын көрсетті десек те болады. Жауынгер-интернационалисттер: Василий Казимир мен Роберт Арсентьевке аталмыш іс-шарадан естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің кітапхана меңгерушісі А. Ж.Сулейменова мен оқытушылары: А.Д. Ахметова, Б. С. Касымованың және  ПВТ-9-21, КтӘ-9-21 студенттердің ұйымдастыруымен өткен шара соңында студенттер кештен алған әсерлерімен бөлісіп, естелік суретке түсті.

 

  

Дина

ӘБДІҒАЛИЕВА