Бүгін: 26.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Биыл Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінде Наурыз мерекесіне орай салтанаты жарасты, мәртебесі келісті той болды.

Оқытушылар мен студенттер қазақтың ою-өрнегі бар ұлттық киімдерді киіп, мерекенің сәнін кіргізді. Биыл колледж ұжымы «Қош келдің берекеге толы, нұрлы Наурыз» атты мерекелік концерт ұйымдастырыпты. Жай ғана қойылымдармен шектелмей әр колледж бөлімі өз өнерін ортаға салды.

«Сүйінші! Сүйінші! Наурыз келді!» деген ұранмен студенттер бір-бірін Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, оқытушылар күмбірлеген домбыраның үнімен мерекелік әннен шашу шашты.

- Міне, Наурыз да келді. Екі жыл біз онлайн түрде сабақ өткіздік, онлайн түрде іс-шаралар жүргіздік. Бүгін бәріміз бірге әз-Наурызды тойлайын деп отырмыз. Білесіздер, біздің колледжде 14 наурыз – Амал мерекесі немесе Көрісу күнінен бастап іс-шаралар өтіп жатыр. Наурыз мерекесі бәрімізге жақсылық, құт-береке, денсаулық әкелсін. Аспанымыз ашық болсын. Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын, қайда жүрсек те жол болсын деп осы Наурыз кешімізді бастайық, - деді Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жамбол Жаяубаев.

Шараға қатысқан кәсіподақ комитетінің төрағасы Хайруллин Мейрам да барлық қатысушыларды көктемнің шуақты мейрамымен құттықтап, кәсіподақ пен әкімшілік атынан көрермендер қауымына дәмді бауырсақтарды тарту етіп, тәттіліктерден шашу шашты.

Сондай-ақ, бұл күні Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің 100 жылдық мерейтойына орай колледж қабырғасында таяуда өткен әлеуметтік-педагогикалық инновациялардың V халықаралық жәрмеңкесінде бір адамдай жұмылып, ауқымды іс-шараны ойдағыдай өтуіне атсалысқан колледж қызметкерлері: Коломоец Д.Л., Салова Т.А.,Шибитова Т.Л., Рыбинцева Н.Ф., Пеннер А.В., Тотаева А.Т., Григорьев И.А. және Горбатова Ю.В. алғыс хатпен мапаратталды.

Әріқарай мерекені «Технология ауылы», «Қазақ ауылы», «Шет ауылы» мен «Қуаныш ауылы» атты колледж бөлімдері қыздары түсті. Оқытушылар мен студенттер бірігіп бесік той мен тұсаукесек рәсімін, қыз ұзату мен беташардың әдебін барлық жөн-жоралғыны сақтай отырып көрермендер назарына паш етті. Әз-Наурызға арналған ду-думанды Қадыр ата келіп, «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын!» деп ақ батасымен қорытындылады.

Бұл шараға қатысқан әрбір студент өзіне керегін ала алды десек те болады. Мерекелік концертте ата-баба дәстүрі терең дәріптелді. Салт-дәстүрлерге ерекше мән берілді. Бастысы студенттердің көңілдері бір сергіп қалды.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА