29 наурыз күні «Внимание каникулы» акциясы аясында Саран қаласы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату фактілерін, сондай-ақ темекі өнімдерін жарнамалау және сату бойынша ҚР заңнамасын бұзу фактілерін анықтау үшін рейдтік іс-шара өткізді.
Рейд барысында Ленин даңғылы бойындағы сауда үйлер мен дүкендер тексерілді. Әрі сауда нүктелерінің сатушыларымен заңды сақтау және өскелең ұрпақтың денсаулығына зиянды алкоголь мен темекі өнімдерін сатуға жол бермеу керектігі жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында аталмыш комиссия мүшелері әр нысанға кіріп, онда тұрған сатушыларға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексін түсіндіріп, дүкендер мен сауда орталықтарында кәмелеттік жасқа толмағандарға арақ-шарап пен темекі өнімдері сатылмауы керектігін айтты. Сондай-ақ, нысандарға арнайы дайындалған буклеттер таратылды. Тексеріс барысында тәртіп бұзушылықтар анықталмады.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА