Бүгін: 26.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қазақстан көпұлтты мемлекет. Осынау кең байтақ өлкеде 130-дан астам ұлт өкiлi бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатыр.

Көңілі даладай дарқан қазақ халқы барлық ұлт өкілдерін өзінің туған-туыстарындай көреді. Қазақстанда әр ұлт өз салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған. Осындай ел бірлігі мен тұтастығын сақтау жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халқы Ассамблеясы жұмысының ерекшелігін атап өтуге болады. Қазақстанның саяси жүйесінде маңызды тұтқа болып табылатын Ассамблея бүгінгі таңда барлық этностардың мүддесін ортақ қазақстандық мүддеге айналдыруды, ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтардың құқығы мен еркіндігін сақтауды қамтамасыз ететін қоғамдық институт ретінде толығымен қалыптасты.

Ұлы Абайдың адамзатты сүй дейтін қағидасын ұстанған қазақ ежелден бауырмал болғандықтан ұлт-нәсіліне қарамай, жалпы, адамзатты жақсы көреді, өз мемлекетiнде тұратын ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерiн құрметтейді.

Құрметті оқырман қауым, сіздердің назарларыңызға адамдар арасындағы сүйіспеншілік пен махаббатты насихаттайтын, ынтымақ пен достықты қадірлей білуге үйрететін «Саран қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қорындағы кітаптарды ұсынамыз.

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың «Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің негізін қалаушы», «Бейбітшілік және қоғамдық келісім идеясы», «Қазақ этносының әлеуметтік-саяси мәртебесінің дамуы», «Братство народов – братство культур», «Мәңгілік Ел», «Народы Казахстана», «Ассамблея народа Казахстана в истории страны», «Единство в многообразии», «Менің елім Тәуелсіз Қазақстан», «Народ Казахстана» атты кітаптар, сонымен қатар «Қазақстан – қарашаңырағым», «Мәңгілік Ел – Қазақстан», «Менің елім Қазақстан» фотоальбомдары Қазақстан халқының бейбіт өмірін сомдап, тарихын қамтып, бірлігін бейнелейді.

Кітапхананың байлығы - тасқа басылған шежіресі болса, ұшан - теңіз білім бұлағынан сусындайтын оқырман біз үшін қастерлі қонақ. Барлық кітап сүйер қауымды, оқырмандарды бірлік күніне арналған басылымдармен танысуға шақырамыз.

Д. Елешова,

Саран қ. ОҚК оқу залының кітапханашысы