Бүгін: 26.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

ӨТКЕН АПТАДА «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДА ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ КІТАП ОҚУҒА ҮГІТТЕУ МАҚСАТЫНДА ШАҺАРДАҒЫ 17 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНДА КЕЛЕЛІ БАСТАМА КӨРІНІС ТАПТЫ. МЕКЕМЕ ҰЖЫМЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АПТАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ. ШАРА ШЕҢБЕРІНДЕ ШӘКІРТТЕР КӨПТЕГЕН ҚЫЗЫҚҚА ТОЛЫ КІТАПТАР ОҚЫП, ЕРТЕГІЛЕРДІ САХНАЛАП, ӨЗДЕРІНІҢ ОЙ-ӨРІСТЕРІН КЕҢЕЙТТІ.

Естеріңізге сала ктейік, 2 сәуір – халықаралық балаларға арналған кітап күні. Аталған мереке әр екі жылда бір рет 1956 жылдан бері бейресми түрде дат жазушысы Ханс Кристан Андерсеннің туған күніне орай аталып өтіледі.

Ханс Кристиан Андерсенге деген терең құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі ретінде Халықаралық кеңестің бастамасы және шешімі бойынша 1967 жылы 2 сәуір күні Халықаралық балалар кітабы күні деп ресми түрде жарияланды.

Балалар авторлары үшін бұл марапат – ең беделді халықаралық сыйлық, ол «Кіші Нобель сыйлығы» деп те аталады. Сыйлық белгілі балалар жазушылары мен суретші иллюстраторларға ғана беріледі.

Көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдер өткізіледі. Халықаралық күн саналатын атаулы мереке аясында түрлі балалар кітаптары жарнамаланады. Оларға бұрыннан таныс болмай келген кітаптар жайында айтылып, кішкентайлардың санасын ояту мақсатында түрлі дәрістер де оқылады.

Әлемнің ұрпақтары білімді де, саналы болып өсу үшін қай мемлекет болса да, жай қарап жатпасы анық. Осы күнге орай көптеген белді компаниялар балаларға арналған кітаптардың жарық көруіне атсалысады. Өздерінше қолдау көрсетіп, демеушілік етер ұйымдардың саны артады. Жыл сайын әлем елдері мерекенің тақырыбын алдын ала белгілеп, арнайы атақты авторларды қонаққа шақырады. Осы арқылы балалардың көңілін білім мен танымға арттырады.

Кез келген адам өмірдегі орны мен таңдаған мамандығын бала кезіндегі оқыған, санасында шегеленіп қалған кітаппен байланыстыратыны белгілі. Осы орайда шаһардағы № 17 мектеп гимназиясы «Балалар жылы» аясында «Кітап деп аталатын ғажайып» атты балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығын өткізді.

Апталық шеңберінде білім ордасында 1-сынып оқушыларына арнап «Сюда приходят дети узнать про все на свете» тақырыбында кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында балалар кітапхана туралы кеңінен мағлұмат алып, кітапхана мен кітапты пайдалану ережелерімен танысты.

Бұдан бөлек, «Х.К. Андерсеннің ертегілер әлемінде» тақырыбындағы ертегілер бенефисінде 1-сынып оқушылары балалар жазушысы Ханс Кристиан Андерсеннің өмірбаянымен, оның ертегілерімен танысып, «Устами читеталя» айдарына қатысты.

Ал мектептің 2-сынып оқушылары «Ертегіні тап», «Бір әріпті ауыстыр», «Тірек сөздер арқылы ертегінің атауын тап», «Табылған заттар бюросы», «Ұлы математиктер» сынды бірнеше конкурстардан тұрған «Оқу – білім бұлағы» атты зейінді һәм білгірлер клубына қатысты. Конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, оларға естелік сыйлықтар табысталды.

Сонымен қатар, білім ошағында апталық аясында «Айболит и все, все, все…» атты көңілді күнтізбе ұйымдастырылды. Аталған іс-шара 2022 жылы мерейтойлары тойланатын балалар жазушыларына арналды.

Мектептің 4 және 5-сынып оқушыларына арнап «Писатели Казахстана – детям» деп аталған поэзия киіз үйінде қызықты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар қазақтың атақты балалар ақындарының шығармаларын орыс және қазақ тілдерінде оқыды.

Бұдан бөлек, мектеп ғимаратында 5 және 6-сынып оқушыларына арнап «Меню для книгоежек» атты библиокафе ұйымдастырылды. Библиокафе мәзірінне «Фантастические нарезки», «Приключенческий микс», «Сказочная солянка», Жаркое «Почитай-ка»,торт «Хочу всё знать!», «Журнальный коктейль» сынды тәтті тағамдар болды. Әр тағаммен бірге оқушыларға кітаптар және кітап оқумен байланысты тапсырмалар берілді.

Ал 9 бен 11-сынып аралығындағы оқушылар үшін «Әдебиет білгірлері» тақырыбындағы зияткерлік конкурсы өткізілді. Аталмыш конкурс «Библиотеки и библиотекари», «Книги бывают разные», «Структура книги», «Знакомые незнакомцы», «Писатели и их герои» атты бірнеше тапсырмалардан тұрды.

7 мен 8-сынып оқушыларына арнап «Путешествие по библиолэнду» тақырыбында кітапхана сағаты ұйымдастырылды. Танымды һәм тағылымды сабақ барысында оқушылар Балалар кітабы апталығы алғаш рет қашан өткізілгенін біліп, кітапханалардың даму тарихымен танысты. Сонымен қатар, олар «Аптека для души» атты интерактивті айдарына қатысты.

Бұдан бөлек, апталық аясында Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қазақ әдебиетінің інжу-маржаны» атты тақырыптық ауызша журнал ұйымдастырылды. Аталған шара Қазақстанның Халық жазушысы Ғабит Мүсіреповтың туғанына 120 жыл толуына орайластырылды.

Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан әр бала кітап оқуды күнделікті әдетке айналдыруы тиіс. Апталықтың көздеген негізгі мақсаты да осы болды дейді ұйымдастырушылар. «Кітап оқымай, өмірді тану, білім алу мүмкін емес» деп Серке Қожамқұлов айтқандай, кітаптан әрбір адам нәр алады. Ал балалар жазушысы болу оңай емес. Жас өрендердің дүниетанымына сай келетін дүние ұсыну кез келген автордың қолынан келе бермейтіні де сондықтан.

Ендеше, балаларға арналған кітаптардың авторлары мен мектеп қабырғасындағы балалар кітапханасында жұмыс жасайтын барлық кітапханашыларға ерен еңбектері үшін алғыс айтқымыз келеді!

Шапағат ҚОСШЫҒҰЛОВ