Бүгін: 26.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

1986 ЖЫЛЫ ЧЕРНОБЫЛЬ АТОМ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНДА АПАТТЫ ЖАРЫЛЫС БОЛЫП, ДҮЙІМ ЖҰРТҚА ҚАУІП ТӨНДІРЕТІН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАТЕР ОРЫН АЛДЫ. КЕҢЕС ОДАҒЫ ТАРИХЫНДА ҚАРАЛЫ КҮН БОЛЫП ҚАЛҒАН ОСЫ ОҚИҒАНЫҢ САЛДАРЫ КӨПТЕГЕН АДАМНЫҢ ТАҒДЫРЫН ӨЗГЕРТІП, ҰМЫТЫЛМАСТАЙ ІЗ ҚАЛДЫРДЫ.

Осыдан 36 жыл бұрын, яғни 1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом электр станциясының төртінші блогі жарылды. Жойқын апаттың нәтижесінде Украинаның және Ресейдің Брянск пен Калуга облыстарының аумағы радиоактивтік ластануға ұшырап, адамзат өміріне үлкен қауіп төнді. Сол себепті АЭС-тен радиусы шамамен 30 шақырым жерде тұратын ел-жұрт басқа жерлерге көшірілді. 1986 жылдың қараша айына дейін апатқа ұшыраған блок залалсыздандырылып, оғашталған болатын. Мәліметтерге сүйенсек, радиоактивті түтін аймақтан асып, оннан аса мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластады, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті.

Апатты залалсыздандыруға мыңдаған сарбаз Отан алдындағы борыштарын атқарды. Алайда АЭС сепкен ажал уынан құтыла алмады. Қоршаған ортаға, тұрғындар мен құтқарушылардың денсаулығына орасан зиян тигізген апаттың зардабын жоюға Қазақстан азаматтары да тартылды. Чернобыль атом электр станциясындағы құтқару жұмыстарына елімізден 32 мыңнан астам адам қатысқан. Содан бері қаншама уақыт өтсе де, Чернобыль апатының жүректерге салған жарасы жазылған жоқ.

Чернобыль оқиғасына биыл - 36 жыл. Осыған орай Саран қаласының білім бөліміне қарасты №2 жалпы білім беретін мектепте жоғары сынып оқушылары арасында танымдық сынып сағаттарын ұйымдастыру жоспарлануда. Іс-шарада білім алушыларға Чернобыль апатының кешегісі мен бүгінін сонымен қатар ертеңі яғни болашағы туралы жан-жақты ақпарат беріліп, апатты жоюға аттанған батырларымыздың ерлігі айтылатын болады.

Материалды дайындаған:

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА