Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Біз қазір жаңаша өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де баршылық. Қазіргі уақытта цифрлық технологияға көшу жүзеге асып жатыр. Бұл - мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыруға өз үлесін тигізері сөзсіз. Пандемия - мемлекеттік қызмет көрсету саласының цифрлануын тездетті. Бүгінде цифрлық бағдарламалар барлық дерлік салаларда азды-көпті енгізілген. Мемлекеттік қызметтерді алу электронды жүйеге ойысқан. Сөйтіп, цифрландыру жүйесіне көшуге өмірдің өзі мәжбүрледі. Кейін карантин шектеулері босаңсытылғанымен, халыққа қызмет көрсету орталықтарында құжаттарды рәсімдеу оффлайнмен бірге әлі онлайн форматта да жүргізіліп жатыр.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9 бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саласында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметі құзыретінің бірі осы баптың 5 тармағында көрсетілгендей халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады. Аталмыш Кодекстің 36 бабының 3- тармағында 36-бабының 3 –тармағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау объектілері (эпидемиялық мәні бар объектілер) екі топқа бөлінеді:

1) эпидемиялық мәні жоғары объектілер;

2) эпидемиялық мәні болмашы объектілер.

Осы орайда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын өнімдер мен эпидемиологиялық мәні бар объектілердің тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ -220/2020 бұйрығымен бекітілген.

Эпидемиологиялық мәні жоғары объектілер санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алуы қажет. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды дегеніміз- мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін куәландыратын құжат. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Осы орайда – біздің Басқарма мемлекеттік қызметтің келесі 3 түрін көрсетеді:

-эпидемиологиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигиеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру. Мемлекетік қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күн;

-қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық –қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық –эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық –эпидемиологиялық қорытынды беру. Мемлекетік қызметті көрсету мерзімі 10 жұмыс күн;

- Халықтың санитариялық –эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірін беру. Мемлекетік қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күн.

Бұл қызметтер электронды түрде көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының Е-лицензиялау ақпараттық жүйесі арқылы тікелей байланыс қамтамасыз етілген.

Қашықтықтан электронды түрде көрсетілетін қызметтердің арқасында мемлекеттік қызметтерді алу үшін өз пәтеріңізден шықпай-ақ немесе жұмыстан сұранбай-ақ, өтінішті мемлекеттік қызметті көрсетушілерге жіберуге болады. Мемлекеттік қызметті электронды түрде алу үшін көрсетілетін қызметті алушыға электрондық-цифрлық қолтаңба қажет. Көрсетілетін қызметті алушы ЭЦҚ көмегімен электронды өтінішті, рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz. арқылы көрсетілетін қызметті берушіге жібереді.

Көрсетілген қызметті алушы «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі және қорытындыны ала алды.

Қазақстан Републикасының «Рұқсаттар мен хабарламалар» Заңына сәйкес, эпидемиялық маңызы болмашы объектілер қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны жөнінде хабарламалар жібере алады.

Сондай-ақ, хабарламалар «электрондық үкімет» www.egov.kz., www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ