Саран қаласы әкімінің «ИДЕЯДАН ШЫНАЙЫЛЫҚҚА ҚАРАЙ»
бизнес-идеялар мен жобалар байқауының
ЕРЕЖЕСІ
I Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Идеядан шынайылыққа қарай» үздік бизнес идея мен бизнес-ЖОБАҒА (бұдан әрі – идея мен жоба) арналған байқауды (бұдан әрі – Байқау) өткізудің тәртібі мен шарттарын, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз етілуін, қатысу және жеңімпаздарды анықтау тәртібін айқындайды. Байқауды ұйымдастырушылар: Саран қаласы әкімдігінің «Саран қаласының жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Саран қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -ұйымдастырушы)
II Байқаудың мақсаты мен міндеттері
2.1 Байқаудың мақсаты: жастардың кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыру, бәсекеге қабілетті тұлғаны дамыту, әлеуметтік жауапкершілік пен кәсіпқойлықты жүзеге асыру үшін жағдай жасау.
2.2 Байқаудың міндеттері:
- жастардың іскерлік белсенділігін дамыту;
- әлеуметтік маңызы бар және кәсіпкерлік қызмет саласындағы дарынды жастарды анықтау және қолдау;
- жас кәсіпкерлер ортасын қалыптастыруға ықпал ету;
- бизнес-жобалауға мүдделі тараптардың назарын аудару;
- кәсіпкерлік қызмет, инвестициялық институттармен және мемлекет пен өзара іс-қимыл мәселелерінде жастардың теориялық білімдері мен кәсіби дағдыларының деңгейін арттыру;
- Саран қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін перспективалық кәсіпкерлік жобаларды іздеу.
III Байқаудың өткізу тәртібі
3.1 Конкурстық өтінімдерді қабылдау туралы ақпараттық хабарлама әлеуметтік желілерде, апта сайынғы баспа басылымдарында жарияланады.
Ақпараттық хабарламада конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі, конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімдері, құжаттарды қабылдау үшін пункттердің және электрондық поштаның мекенжайлары, консультациялар көрсету үшін телефон нөмірлері көрсетіледі.
3.2 Байқау ІІ кезеңнен тұрады:
І кезең– БИЗНЕС Идеялардың презентациясы (іріктеу туры).
Өткізу кезеңі: сәуір-тамыз 2022 жыл.
- Сәуірден - 10 маусымға дейін өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады;
- Маусым-шілде айлары 2022 ж. конкурсқа қатысушыларды оқыту (бизнесті жоспарлау бойынша мастер-кластар).
Бұл кезеңде конкурс комиссиясы отырысының қорытындысы бойынша конкурстың екінші кезеңіне өтетін Үздік БИЗНЕС Идеялар анықталады.
ІІ кезең–БИЗНЕС-Жобалар презентациясы.
Өткізу мерзімі: 2022 жылдың қыркүйек айы.
Осы кезеңде 5 үздік БИЗНЕС-ЖОБА анықталатын болады, олар конкурстық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 1 000 000 (бір миллион) теңге қаржылық қолдау алады.
Ескерту: Гранттар Саран қаласы мен Ақтас кенті аумағында бизнес-жобаларды іске асыруды жоспарлайтын конкурс жеңімпаздарына беріледі.
IV Байқауға қатысу тәртібі
4.1 Байқауға 18 - 29 жас аралығындағы жастар (жеке - дара және команда құрамында) қатыса алады.
4.2 Қатысу өтінімі:
• І кезеңде қатысушылар 2022 жылғы 10 маусымнан кешіктірмей электрондық және қағаз жеткізгіштерде ұсынады;
• ІІ кезеңде қатысушылар 2022 жылғы 26 тамыздан кешіктірмей электрондық және қағаз жеткізгіштерде ұсынады.
4.3 Байқау өтініміне мыналар кіреді:
• осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;
• жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• бизнес-идеяның сипаттамасы (2-қосымша), одан әрі бизнес-жоба (3-қосымша);
• жобаны көпшілік алдында қорғау үшін ұзақтығы 5 минуттан аспайтын слайд-презентация немесе бейне-презентация.
4.4 Өтініштер Жамбыл көшесі, 85 а мекенжайы бойынша орналасқан «Саран қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ-де қабылданады.
4.5 Қатысушы, өтінімді ұсына отырып, онда келтірілген мәліметтердің коммерциялық және өзге де құпиялары жоқ екенін және өзінің әзірлемесі болып табылатындығын растайды. Бизнес-идея немесе жоба туралы ақпаратты үшінші тұлғаларға беруге өз келісімін береді (оның ішінде байқау жұмыстардың фрагменттерін интернет беттерінде, ақпараттық басылымдарда орналастыру жолымен, сондай-ақ авторды немесе авторлық ұжымды міндетті түрде көрсете отырып, конкурстық жұмыстарды толық жариялау).
4.6 2019-2021 жылдардағы Бизнес-идеялар мен Жобалар кезеңдерінің жеңімпаздары мен жеке кәсіпкерлер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
V Байқау комиссиясы
5.1. Комиссия мемлекеттік органдардың, «Атамекен» қалалық кәсіпкерлер палатасы филиалының, жастар көшбасшыларының, жеке кәсіпкерлердің өкілдерінен (бұдан әрі - Конкурстық комиссия) құрылады;
Комиссия құрамы Саран қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітіледі. Комиссия мүшелерінің саны тақ болуға тиіс.
5.2. Комиссия төрағадан, мүшелерден және хатшыдан тұрады.
Төраға Саран қаласы әкімінің орынбасары болып табылады, ол өз құзыреті шегінде Комиссияның қызметіне басшылықты жүзеге асырады, рәсімдік мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды және Комиссия қабылдаған шешімдердің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады.
5.3.Комиссия мүшелерінің грант беруге ізденушілерді іріктеуді жүзеге асыруға, грант беруге ізденушілерді іріктеуді жүзеге асыруға, белгіленген талаптардың сақталуы бөлігінде ізденушілердің ұсынылған құжаттарын талдауды және бағалауды жүзеге асыруға және үміткерлердің талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда құжаттарды қабылдамау туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.
5.4. Комиссия хатшысы комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, төрағамен келісім бойынша отырыстың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, комиссия мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, оның мүшелеріне отырысты жүргізу үшін қажетті материалдарды жеткізеді.
Комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс беру құқығы болмайды.
5.5. Гранттар Комиссия мүшелерінің бағалау нәтижелері бойынша неғұрлым жоғары балл жинаған бірінші бес үміткерге беріледі.
5.6. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді. Хаттамаға комиссия мүшелері, хатшысы және төрағасы қол қояды.
VI Іріктеу критерийлері
БИЗНЕС ИДЕЯЛАР |
БИЗНЕС-ЖОБАЛАР |
|
|
VII Жобаны іске асыру мониторингі
7.1. «Саран қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ, Саран қаласының және Ақтас кентінің аумағында Гранттардың мақсатты пайдаланылуы бойынша мониторингті жүзеге асырады.
Грантты нысаналы пайдалану мерзімі, шарт жасалған күннен бастап он екі айдан аспайды.
7.2. Жастар ресурстық орталығы шарт жасалған күннен бастап он екі ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді.
Жастар ресурстық орталығы тоқсан сайынғы негізде Комиссия төрағасына грант алушылардың бизнес-жобасын іске асыру туралы есеп береді, оған келесі ақпарат кіреді:
1) гранттар алған адамдардың саны туралы;
2) грант алушылар құрған жұмыс орындарының саны туралы;
3) сатып алынған құралдарының, технологиялық жабдықтың саны, түрлері, сондай-ақ үй-жайларды жалдауға ақы төлеуге бағытталған құралдар туралы ақпарат қамтылуы тиіс;
4) грант алушының Шарт талаптарын орындауы туралы;
5) гранттың нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу нәтижелері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.
7.3. Грант қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда, жастар ресурстық орталығы анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген факт туралы комиссия төрағасын жазбаша хабардар етеді.
Жастар ресурстық орталығы ұсынған ақпарат негізінде Комиссия мүшелері грант алушымен шартты бұзу туралы шешім қабылдайды.
7.4. Комиссия мүшелері шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған Грант қаражатын қайтару бойынша іс-шаралар жүргізіледі.
Қаражат мынадай жағдайларда (растайтын құжаттар болған кезде) қайтарылмайды:
1) грант алушы қайтыс болған жағдайда;
2) грант алушы хабар-ошарсыз кетті деп танылған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайларда;
3) грант алушының қабілетсіз болып танылған кезде.