Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

САРАН ҚАЛАСЫНДА ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫНДА 10 АДАМ АЗЫҚ-ТҮЛІК ӨНІМДЕРІ МЕН КИІМ-КЕШЕКПЕН ҚАМТАМЫЗ ЕТІЛДІ.

Біріккен Араб Әмірліктерінің Қызыл Жарты Айы екінші жыл қатарынан Қарағанды облысының әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетіп келеді. Осы жолы киелі Рамазан айында Қызыл Жарты Ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалы Бұқар жырау ауданында қайырымдылық акциясын өткізді. Игі іс Саран қаласында да жалғасын тапты.

- Бүгінгі акцияда 10 адам қолдау алды. Біз шынымен көмекке мұқтаж жандарға көмектескіміз келеді, - деп атап өтті Қызыл Жарты Ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалының директоры Татьяна Абрамова.

Акция аясында әлеуметтік осал топтарға, жалғыз тұратын көп балалы, пробация қызметінің есебінде тұрған отбасыларға күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, жылы киім, аяқ-киім және балалардың киім-кешектері берілді.

Сонымен қатар, Қызыл Жарты Ай қоғамының Қарағанды облыстық филиалы аталмыш акцияны Шахтинск және Қарағанды қалаларында өткізуді жоспарлауда.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА