Сіздерді еліміздің атаулы күндер күнтізбесінде көктемнің жарқын мерекесі - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл мереке біздің көпұлтты халқымыздың дәстүріне, бейбітшілік пен келісімнің символына айналды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Біздің күш-қуатымыз – берекелі бірлікте! Ендеше, бірлігімізді бекемдеп, ел үшін еңбек етейік!».
Біздің мемлекетіміздің саясаты барлық ұлт өкілдерінің өз мәдениетін дамытуға, ана тілін, салт-дәстүрін сақтауға тең мүмкіндіктер туғызуға бағытталған.
Бейбітшілік, достық пен келісім – біздің ортақ игілігіміз. Ауызбіршілік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерде ғана нәтижелі істердің болатыны белгілі.
Саран шаһарында 70 ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүруде. Берік бірлігіміздің арқасында қаламыз жылдан-жылға түрленіп, өркендеп келеді. Әр түрлі салаларда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілуде. Зәкірлік жобалар іске асырылуда, үйлер қалпына келтірілуде, аулалар абаттандырылуда, скверлер, жолдар салынуда. Осы жетістіктердің бәрі де, ең алдымен, сіздердің жанқиярлық еңбектеріңіз бен ұмтылыстарыңыздың арқасы. Біз барлығымыз бір отбасымыз. Қазақстан Республикасы - ортақ үйіміз.
Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні – достық, түсіністік және келісім мерекесімен құттықтаймыз. Бір шаңырақ астында халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі жалғаса берсін және біздің еліміздегі ұлтаралық келісім әрқашан берік болсын. Барлықтарыңызға бақыт пен амандық тілейміз.