Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

27 СӘУІР КҮНІ САРАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ЕРАЛЫ ОСПАНОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

Күн тәртібінде «О работе Молодежного центра здоровья при КГП «Центральная больница города Сарани» с несовершеннолетними» және «О работе организаций образования по профилактике правонарушений среди обучающихся. Занятость детей «группы риска» во внеурочное время» атты екі мәселе қарастырылды.

Отырыста қалалық орталық аурухана директорының орынбасары Татьяна Шаравина комиссия мүшелеріне алғашқы сұрақ бойынша дайындаған баяндамасын ұсынып, 2021 жылдың 12 айында жастар денсаулық орталығының мамандары 179 іс-шара ұйымдастып, жалпы 9136 адамға білім беру қызметі көрсеткендігін айтты. Қалалық білім бөліміне қарасты сегіз мектеп пен екі колледжде ұйымдастырылған іс-шараларға: психологпен кездесулер, дәрістер, онлайн әңгімелесулер мен акциялар, ата-аналармен тікелей эфир және ата-аналар жиналысы кіреді. Сондай-ақ, психологтың білім беру қызметін 3 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала, гинекологтан - 262 оқушы алды.

Сонымен қатар, Татьяна Николаевна ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында жастар денсаулық орталығында 90 іс-шара өткізілгендігін атап өтті. Ақпан айында Саран қаласы әкімі аппараты жанындағы жастар ресурстық орталығының тапсырмасы бойынша Google МЦЗ платформасында отбасы құрудағы қиындықтар мен проблемаларды анықтау мақсатында арнайы сауалнама қойылды. Қалалық жастар ресурстық орталығы жастар денсаулық орталығымен бекіткен жоспарға сәйкес оқушылар мен студенттер арасында темекінің зияндылығы және отбасылық құндылықтар бойынша кездесулер ұйымдастырылды. Жоспарға сәйкес бекітілген іс-шаралар әрі қарай да жалғасатын болды.

Ал, екінші мәселе бойынша № 6 жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары Антон Чагиннің баяндамасы тыңдалды.

№ 6 жалпы білім беретін мектептің басты бағыттарының бірі – педагогикалық, оқушылар ұжымдарының, ата-аналар қоғамдастығының, мектептің әлеуметтік-психологиялық қызметінің кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірыңғай жүйені құрудағы күш-жігерін біріктіру болып табылады. Мектепте төрт жыл бойы қылмыс жасаған балалар, жарақаттану жағдайлары тіркелген жоқ, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері болған жоқ. Алайда қазіргі таңда «қауіпті» топтағы балалар қатарына 15 адам кіріп тұр.

- Балалармен және тұрмысы төмен отбасылармен профилактикалық жұмыс мәселелері әрдайым мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің үнемі бақылауында. Бұл проблемалар сынып жетекшілерінің отырысында, құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестерде қарастырылады, туындаған қиындықтар талқыланады, - деп атап өтті Антон Чагин.

Сондай-ақ, аталмыш білім ордасында «Отбасы+мектеп=Табыс» бағдарламасы әзірленген. Мектепте 5 мамыр күні ата-аналар үшін ашық есік күнін өткізу жоспарлануда. Одан бөлек, ай сайын «Подросток», «Время учиться», «Семья», «Безопасность ребенка» профилактикалық рейдтері, әлеуметтік-педагогикалық қолдау талап етілетін патронаттық отбасыларға рейдтер өткізіледі. Қажет болған жағдайда ЮПТ инспекторларымен, қамқорлыққа алған мамандарымен рейдтер жүргізіледі. Рейдтердің қорытындылары директор жанындағы кеңесте, ай сайынғы алдын алу кеңесінде қаралады. Қыркүйек айынан бастап сәуірге дейін 154 отбасы қатысқан. Ерекше назар мен қамқорлықты қажет ететін барлық балалар үйірмелер мен секцияларға қатысады.

Бүгінде мектепте түрлі бағыттармен қамтылған 54 үйірме бар. Олардан бөлек, 374 оқушы қосымша білім беру үйірмелеріне, яғни, спорттық секцияларға, көркемөнер мектептеріне, «Жас техниктер» станцияциясы қатысады. Биыл мектеп жанында баскетбол, волейбол, футбол, теннис, оқ ату сынды спорт үйірмелері де жұмыс істеп тұр. Ал, құқықтық тәрбие бойынша жұмыс «Қуатты мәдениеті» жобасы арқылы жүзеге асырылады.

Құқықтық тәрбиеге прокуратура қызметкерлері, қалалық жастар ресурстық орталығы, төтенше жағдайлар бөлімі, орталық аурухананың жастар денсаулық орталығы белсенді қатысады. Биылғы оқу жылында 14 кездесу, гинеколог дәрігермен 10 кездесу ұйымдастырылды. ЮПТ инспекторларымен де жүйелі түрде кездесулер өткізіледі.

Комиссия барысында қарастылған мәселелер бойынша Саран қаласы әкімінің орынбасары Ералы Оспанов кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

 

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА