Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

ТАЯУДА ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ СЕРІК САПИЕВ АТЫНДАҒЫ БОКС ОРТАЛЫҒЫНДА БАРЛЫҚ ЖАСТАҒЫ СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ Г.С. ЛУТОШКИНДІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН WKF КАРАТЭ БОЙЫНША «KARAGANDAOPEN 2022» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ.

Кумитэ және ката бағдарламасы бойынша өткізілген биылғы сайысқа Қырғызстан Республикасынан, Қарағанды, Жамбыл, Ақмола, Алматы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарынан, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан 500-ге жуық спортшы қатысуға бел буған. Тартыста толы жарыста Саран қаласынан «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығындағы каратэ-до секциясының «Годан» клубынан 14 спортшы бақтарын сынап көрді.

Екі күн қатарынан өткен дүбірлі доданың алғашқы күні ката санатымен бастау алды. Оған барлық спортшылар және 4 жастан бастап 11 жасқа дейінгі балалар өнер көрсеткен. 4-5, 6-7 мен 8-9 жас аралығындағы аталмыш спорт түрімен бір жыл шамасында айналысып жүрген балалар үшін қосымша санаттар енгізілді. Дәл осы санатта «Годан» клубының тәрбиеленушісі Марк Казаков қола медальді жеңіп алды. Бұл Марктың – екінші жарысы. Алғаш рет ақпан айында өз клубының біріншілігінде өнер көрсеткен. Ал екінші күні қатысушылар кумитэ санатына қатысқан.

Екі күн қатарынан өткен дүбірлі доданың нәтижесінде Саран қаласының «Годан» клубы бір алтын мен екі қола медальға ие болды. Сонымен қатар, жерлестеріміз «Жеке ката 12-13 жас» категориясында Альмира Гуреева алтын медальді жеңіп алса, «8-9 жас аралығындағы 35 келі салмақ дәрежесіндегі жасөспірімдер арасындағы жеке кумитэ» санатында Али Измайлов қола медальді еншіледі. Сондай-ақ, «10-11 жастағы 35 келіден астам қыздар арасындағы жеке кумитэ» категориясында Зограбян Аревика төрт жекпе-жек өткізіп, олардың екеуінде де таза жеңіске жеткен.

Медальдік есепте бірінші орынды Қарағанды облысының құрамасы, екінші орынды Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы, ал үшінші орынды Ақмола облысының құрамасы иеленді. Турнирдің шетелдік қонақтары Қырғызстан Республикасының құрамасы жалпыкомандалық есепте төртінші орынға ие болды.

Бүгінде «Годан» каратэ секциясының спортшылары WKF каратэ және Пара-каратэден «NURSULTAN OPEN 2022» республикалық турнирге дайындық үстінде. Сөз арасында «Достық үйі» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығындағы «Годан» клубының жетекшісі Анастасия Иверская 21-22 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық турнирге қатысу үшін балаларға қолдау көрсету мақсатында демеуші керектігін тілге тиек етті. Қазіргі таңда спорттық секцияда 5 жастан бастап 14 жасқа дейін 30-дан астам спортшы салауатты өмір салтын ұстанып, бұл спорт түрінен машықтануда.

Дина ӘБДІҒАЛИЕВА