Құрметті Саран қаласының және Ақтас кентінің тұрғындары!
Қадірлі соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері!
Баршаңызды жасампаз ерліктің мерекесі – Ұлы Жеңістің 77 жылдығымен құттықтаймыз!
Жеңіс күні – халқымыздың ерен еңбегі мен батыр бабаларымыздың ерлігі арқылы келді. Бұл қасиетті күн – біз үшін ең қымбат күн.
Майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерліктерінде біздің көпұлтты халқымыздың шынайы өмірлік күші, оның бірлігі мен Жеңіс рухы көрініс тапты.
Ел басына күн туған жылдары Отан үшін отқа түсіп, кеуделерін оққа тосқан жерлестеріміздің есімдері мен ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Өшпес ерліктеріңіз бен бейбіт еңбектегі қалдырған іздеріңіз әрқашанда бізге өнеге.
Соғыстан кейінгі жылдары алғашқы құрылысшылар ретінде ардагерлердің қосқан үлесі зор. Қажырлы еңбектеріңіздің жарқын мысалы – біздің сүйікті Саран қаламыз.
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері, қала тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерге мықты денсаулық, мол бақыт пен ұзақ ғұмыр, әрбір отбасына бақ – береке мен елімізге бейбітшілік тілейміз. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!