Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Құрметті Саран қаласының және Ақтас кентінің тұрғындары!

Сіздерді батырлық пен ерліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің мерекесіне айналған – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

Бұл – мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген еліміздің ер азаматтарын ұлықтайтын күн. Тәуелсіз елімізге қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.

Өздеріңіз білетіндей, биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 30 жыл. Отанымыздың әскери қызметшілері Қазақстан халқының бейбіт тыныштығын қорғай отырып, әскери қызметті абыроймен атқаруда.

Әскери-патриоттық тәрбие жастар мен өскелең ұрпақтың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Отан үшін отқа түскен қаһармандардың биік тұлғаларын ардақ тұтып, есімдерін естен шығармау – бүгінгі ұрпақтың парызы.

Қадірменді жерлестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!