Елімізде 5 маусым күні болатын республикалық референдумды өткізуге дайындық басталынып кетті. Саяси іс-шараны іске асыру аясында «Amanat» партиясының Саран қалалық филиалында референдумды халыққа түсіндіру бойынша штаб құрылды
. Қазіргі таңда республика бойынша өткізілетін референдум төңірегіндегі маңызды сұрақтарға жан-жақты жауап беру үшін, қоғамдық ой-пікірді талқылап-таразылау мақсатында кездесулер өткізілуде. Қалалық мәслихат депутаты Нұргүл Тәжібаеваның айтуы бойынша, Ата Заңға енгізілетін өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстары мамыр айынан бастау алып маусым айының алғашқы күндерін қамтымақ.