МАҚСАТЫ АЙҚЫН, ҮМІТІ ЗОР ЖОЛДАУ
2020 жылғы 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауын арнап, саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынды.
Саяси реформаларды жүзеге асыру аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің өкілеттігін қайта қараудың маңызды екеніне тоқталды. Бұл ретте суперпрезиденттік жүйеден мықты Парламенті бар президенттік республикаға көшу мәселесіне назар аударды. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының өз өкілеттігі кезінде партияға мүше болуын тоқтату міндетін заңнамалық тұрғыдан ресімдеуді, әкімдер мен олардың орынбасарларының партия филиалдарындағы қызметіне тыйым салуды ұсынды.
Сонымен қатар, Абай, Ұлытау, Жетісу облыстарын жаңадан құру - бұл қоғам санасында рухани сілкініс жасай отырып, әлеуметтік-экономикалық ахуалы нашарлап бара жатқан қалаларды жаңғыртуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.
Сонымен қатар, ендігі кезекте осы аймақтарды маман кадрлармен қамтамасыз ету жоғары оқу орнына талап пен сапаны күшейте отырып, жас мамандарды нарықта жұмыспен қамтуды және сапасын жақсартуды басымдықта жүргізу керек, сол арқылы жастардың ел экономикасына қосатын үлесіне кеңінен тоқталғаны орынды мәселе екені бүгінгі күннің еншісінде.
Президент аудандар мен қалалардағы сайлауды толығымен мажоритарлық жүйеге көшіруді ұсынды. Бұл жүйе жергілікті жерде бәсекелі саяси орта қалыптастыратынын және елдің алдында беделі бар жаңа тұлғалардың саясатқа келуіне жол ашатынын айта кетті. Халық мүддесі үшін күресе алатын шынайы патриот иесін, халқының мүддесі үшін қызмет ете алатын азаматтарымыздың қатарын көбейтетіні рас.
Партия жүйесін дамыту мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері де қарастырылған. Бұл - өз сайлаушыларының қордаланған проблемаларын сауатты жеткізіп, тиімді шешуге қабілетті жаңа партиялар пайда болуына негіз болатынын атап айтты.
Мемлекет басшысы құқық қорғау институттарын күшейтуге, бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға да баса мән берді
«Біз бұл өзгерістерді жұртқа жақсы көріну үшін жасамаймыз. Құлаққа жағымды, бірақ орындалуы екіталай, күмәнді көрсеткіштерге алданбаймыз. Қағаз бетінде ғана жүзеге асырылған, бірақ шындыққа еш жанаспайтын жалған табыстарға масаттанып отыратын заман келмеске кетті. Халыққа көпірме сөз, бос уәде емес, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын оң өзгерістер керек» -деді Президент.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, егеменді еліміздің болашағы жарқын болу үшін, осы бастамаларды бірігіп жүзеге асыратынымызға сенімдіміз.
А. Карабекова,
«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысы