Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар жіберіледі.

Конкурсқа:

1) қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

2) бұрын сотталған мүшелерібар отбасылар қатыспайды.

 

Конкурсты өткізу форматы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты (онлайн, оффлайн немесе гибридті форматта) айқындалатын болады.

Конкурсқа қатысуға өтінім осы Қағиданың қосымшасына сәйкес 15 мамырдан 15 маусымға дейін әкімдіктердің аудандық (қалалық) комиссияларына қағаз және (немесе) электрондық нұсқаларда нысан бойынша беріледі қосымшасымен беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсынады;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың (кемінде екі) ұсыным хаттары);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;

8) қоғамдық пайдалы қызметке қатысқанын растайтын құжаттардың (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) көшірмелері);

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру арқылы жүзеге асырылады.

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.

Аудандық (қалалық) комиссия құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда өтінім ұсынылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.

Құжаттар Саран қаласы әкімдігінің 209 кабинетіне, Жамбыл көшесі, 67 мекенжайына ұсынылады. Электрондық пошта Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., анықтама телефоны 74018, 87786765114

Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кеш ұсынған отбасылар конкурсқа қатыспайды.

Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.



«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға арналған

өтінім

 

  1. Отбасы құрамы:

 

Р\с №

 

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні (күні, айы, жылы)

Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы

Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны

           
           
           
           

 

2. Отбасылық өмір тәжірибесі _____________________________________

3. Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері) ______________________

4. Отбасы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) көрсете отырып, еңбектегі, спорттық, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми, қоғамдық пайдалы (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қызметтегі отбасының (немесе отбасы мүшелерінің) жетістіктері: ____________________________________________________________

5. Наградалардың, сыйақылардың болуы (грамоталардың, алғыс хаттардың, дипломдардың, сертификаттардың көшірмелері қоса беріледі) _____________________________________________________________

6. Отбасы мүшелерінің қоғамдық қызметін көрсететін әлеуметтік желілердегі аккаунтқа сілтеме (бар болса) ____________________________________________________________________

7. Отбасылық фотосуреттер (электрондық нұсқасымен бірге 5 данадан аспайды)

8. Отбасыны таныстыратын (ұзақтығы 2 минуттан аспайды) бейнеролик

9. Өзге де құжаттар ___________________________________________

 

Қолы __________

 

Күні __________

 

#Otbasym2022