Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

1 тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі – конкурс) адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.

Конкурсты өткізу мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын тану;

2) бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және қарт ата-аналарына қамқор болуын танымал ету және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

2. Конкурсқа өзін-өзі ұсыну жолымен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, заңды тұлғалардың ұсынуы бойынша отбасылар қатысады.

3. Конкурсқа қатысуға мүшелерінің еңбек, спорт, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысатын отбасылар жіберіледі.

4. Конкурсқа:

1) қызметіне Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;

2) бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар қатыспайды.

5. Конкурсты өткізу форматы өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты (онлайн, оффлайн немесе гибридті форматта) айқындалатын болады.

2 тарау. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі

6. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдаған Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, жергілікті атқарушы органдар болып табылады.

7. Конкурсты өткізу туралы ақпараттық хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жыл сайын 15 мамырдан кешіктірілмей жарияланады.

8. Байқау екі кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық (қалалық), екінші – облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық).

9. Жергілікті атқарушы органдар мүдделі мемлекеттік органдар, тіркелген заңды тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен өткен жылдардағы конкурс лауреаттары қатарынан облыстарда, қалаларда, аудандарда конкурс жеңімпаздарын айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, сондай-ақ ол туралы ережені, конкурсты іріктеу өлшемшарттары мен өткізу форматын бекітеді.

10. Конкурсқа қатысуға өтінім осы Қағиданың қосымшасына сәйкес 15 мамырдан 15 маусымға дейін әкімдіктердің аудандық (қалалық) комиссияларына қағаз және (немесе) электрондық нұсқаларда нысан бойынша беріледі қосымшасымен беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелерін ұсынады;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың (кемінде екі) ұсыным хаттары);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі;

8) қоғамдық пайдалы қызметке қатысқанын растайтын құжаттардың (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) көшірмелері);

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру арқылы жүзеге асырылады.

Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін отбасылар ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық (қалалық) комиссияның төрағасы куәландырады.

Аудандық (қалалық) комиссия құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда өтінім ұсынылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасына қайтарады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген отбасы ұсынылған құжаттар қайтарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде пысықталған өтінімді қайта береді.

11. Құжаттар Саран қаласы әкімдігінің 209 кабинетіне, Жамбыл көшесі, 67 мекенжайына ұсынылады. Электрондық пошта Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., анықтама телефоны: 74018, 87786765114

11. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кеш ұсынған отбасылар конкурсқа қатыспайды.

12. Аудандық (қалалық) комиссияға ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

13. Ұйымдастырушылар мыналарды қамтамасыз етеді:

1) барлық отбасылар үшін тең жағдайлар және оларды іріктеудің ашықтығы;

2) жеке құпия болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді;

3) конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді ресми жарияланған күннен бұрын жарияламау.

14. Материалдарды қарағаннан кейін аудандық (қалалық) комиссия жеңімпаздарды анықтау үшін 15 маусым мен 30 маусым аралығында отырыс өткізеді және хаттамалық шешіммен 2 отбасын айқындайды. Аудандық (қалалық) конкурста жеңіске жеткен 2 отбасының конкурстық құжаттары 1 шілдеге дейін облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) комиссияларға жіберіледі.

15. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялар аудандық (қалалық) конкурста 1 шілдеден 15 шілдеге дейін жеңіске жеткен отбасылардың құжаттарын қарайды және хаттамалық шешіммен 1 жеңімпаз отбасы айқындалады.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың шешімдері негізінде жеңімпаз отбасыларға «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы беріледі.

Жеңімпаз отбасының конкурстық құжаттары Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне 16 шілдеге дейін жолданатын болады.

Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) кезеңге қатысушыларды марапаттау рәсімі өткізіледі.

Жеңімпаз отбасының облыс (республикалық маңызы бар қалалар, Астана) басшылығымен жеке кездесуі ұйымдастырылады.

16. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 19 шілде мен 30 шілде аралығында жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар циклін дайындау үшін телеарнаға материалдар жібереді.

30 шілде мен 15 тамыз аралығында телеарна өкілдерінің өңірлерге шығуы ұйымдастырылады. Жергілікті атқарушы органдар осы уақыт ішінде жеңімпаз отбасылар туралы телесюжеттер түсіруге жәрдемдесуі және тиісті жұмыстар жүргізуі қажет.

16 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында телеарна бойынша жеңімпаз отбасылар туралы бағдарламалар топтамасы көрсетіледі.

17. Үздік отбасыларды айқындау туралы шешім қабылдау кезінде комиссиялар мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:

1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңыздылығы (Отбасы тарихы – визит карточкасы – таныстыру рәсімі);

2) отбасылық дәстүрлер мен жәдігерлер;

3) отбасының рухани-адамгершілік құндылықтары;

4) балалары мен немерелерінің жетістіктері (бар болса);

5) ата-аналардың рөлдік модель ретіндегі жетістіктері;

6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің – бір аумақта бірге тұратын бірнеше ұрпақ өкілдерінің саны);

7) отбасының таланттары;

8) отбасының өмір салты (салауатты өмір салты, бос уақыт);

9) қоғамдық-пайдалы қызметке қатысу (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық және т. б.);

10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік.

18. Комиссияның әрбір мүшесі отбасыларды балдық жүйе бойынша бағалайды (1-ден 10-ға дейін).

Критерийлердің бірі бойынша ақпарат болмаған жағдайда, бұл критерий бағаланбайды.

Баллдардың жалпы саны тең болған жағдайда түпкілікті шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

19. Мүдделер қақтығысы болған жағдайда, комиссия мүшесі бұл туралы комиссияға хабарлайды және дауыс беруді өткізуге жіберілмейді.

20. Конкурсқа қатысушылар туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылардың интернет-ресурстарында орналастырылады.

21. Конкурс лауреаты атағы қайта берілмейді.