ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА 17-18 МАМЫР АРАЛЫҒЫНДА ТІРЕК - ҚИМЫЛ АППАРАТЫ МЕН ЕСТУ ЖӘНЕ КӨРУ ОРГАНДАРЫ ЗАҚЫМДАНҒАН МҮГЕДЕК СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ V СПАРТАКИАДА ӨТТІ.
Жарыста жан-жақтан келген 9 команда бақ сынасты. Қарағанды облысы Саран қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының тәрбиеленушілері де сайысқа қатысуға бел буып, жеңіл атлетикадан 3-орынға ие болды. Жалпы есептік көрсеткіш бойынша жетінші орынды иеленді.
Дина ӘБДІҒАЛИЕВА