Бүгін: 18.05.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді бүгін еліміздің барлық мектептерінде сыңғырлайтын, оқу жылының аяқталуы мен түлектер өміріндегі жаңа кезеңнің басталуын білдіретін дәстүрлі Соңғы қоңырау мерекесімен құттықтаймыз!

Құрметті түлектер!

Сіздер балалықтың бал шағын артқа тастап, үлкен өмірдің табалдырығын аттағалы отырсыздар. Мектеп сіздерді берік білім мен адамгершілік бағдар берді, туған жерге, Ұлы Отанымызға деген сүйіспеншілікке тәрбиеледі, жоғары оқу орындарында білім алуды жалғастыруға, еңбек жолын бастауға дайындады.

Үлкен өмірге қанат қағып, өздеріңіз қалаған оқу орнына түсіп, ел игілігі үшін қызмет ететін маман болуларыңызға тілектеспіз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Ең ғажайып ерліктер Отанға шексіз сүйіспеншіліктен туындайтыны сөзсіз. Шын отансүйгіштік дегеніміз – жалаң ұран тастау емес, еліңе, халқыңа қызмет ету».

Алда көпшіліктеріңіз Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырасыздар. Осы сынақтан сүрінбей өтіп, барлық бастамаларыңызда сәттілік тілейміз. Ақ жол, аяулы түлектер!

Құрметті ұстаздар!

Ардақты мұғалімдер мамандыққа деген адалдығыңыз бен шәкірттеріңізге деген сүйіспеншілігіңіз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, игі істеріңізге табыс тілейміз!