Қымбатты балалар!
Баршаңызды 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз.
Жаздың алғашқы күнімен келетін бұл мереке балғын бүлдіршіндеріміз үшін ең қуанышты, асыға күтетін мерейлі сәт.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы өз сөзінде атап өткендей: «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпыұлттық міндетіміз».
Біз балаларымыздың білім, спорт, мәдениет, шығармашылық және басқа да салалардағы табыстары мен жетістіктерін мақтан тұтамыз.
Біз, ересектер, өз кезегінде, балаларға өмірде тірек беріп, барлық жағдай жасап, жақсылық пен сұлулыққа үйретуіміз керек, олардың Қазақстанның нағыз патриоттары болып өсуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек.
Балаларымызға жарқын әсерлерге толы көңілді демалыстар, бейбіт аспан мен бақытты балалық шақ тілейміз. Ойындар, спорттық шаралар, қызықты жарыстар тек қана жүздеріңе қуаныш пен рахат әкелсін!
Құрметті жерлестер! Сіздерді шын көңілден жарқын мерекемен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік, жақсылық пен амандық тілейміз! Үйлеріңізде әрдайым махаббат, жылулық пен өзара түсіністік орнай берсін!