Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

« Қазақстан рәміздері - ұлт мақтанышы»

Елтаңбам - елдігім,

Көк туым - теңдігім,

Әнұран - ерлігім.

Қазақстан халқының асқақ арманы, осыдан 31 жыл бұрын Қазақстан егемендігін алып, арқасын кенге жайып, барлық ата-баба рухы бір сілкініп алғандай болды.Артынша жыл өте қазақ елі өзінің мемлекеттілігінің символдарын, айшықты нышандарын белгілеп, әлемге паш етті.Биыл міне қастерлі символдарымыздың тұғырына қонып, еліміздің мәртебесін асқақтатып, рухын аспандатқанына 30 жыл толып отыр. Ұлттық рәміздеріміздің өзінен- ақ қазақ халқының мінез құлқын, ниетін көруге болады. Тудың көк түсі Қазақстан халқының ниет-тілегінің тазалығын, тұнықтығын көрсетеді. Шуағын шашқан күн тыныштық пен байлықты, бейбітшілікті және де өсіп–өркендеудің, өмірдің белгісі. Күннің астындағы қанатын жайған қыран, билік пен айбындылықтың бейнесі. Ұлан-байтақ кеңістікте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркіндік сүйгіш асқақ рухын, қазақ  халқының жан- дүниесінің кеңдігін паш етеді. Қазақстан Республикасы мемлекеттік  герібінің негізі- шаңырақ. Шаңырақтың қазақ халқына маңыздылығын айтпасада түсінікті. Ол- гербтің жүрегі. Қазақ еліндегі қаншама ұлттың бір шаңырақ астында сыйысып, тату өмір сүріп жатқандығының көрінісі.Екі жағындағы пырақ, қанатты тұлпарлар-қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне.Пырақ өлмес өмірдің нышаны. Жылқы малы түрік тілдес халық арасында өте қастерлі жануар, таза, адал төзімді. Тұлпар кең даланың дүлділі, ер-азаматтың қанаты, желмен жарысқан жүйрік, ауыздығымен алысқан қайратты, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Гербтің дәл ортасында барлық жақсы бастаулардың үстінен шуағын шашып жарқырап жұлдыз тұр. Әнұранның әрбір сөзінде қазақ халқының басынан кешкен қиындықтары мен тауқыметінің тарихы суреттеледі. Ата-бабамыздың жер үшін, ел үшін қанша күрескені жайлы, тәуелсіздіктің қандай қиындық пен, боздақтардың қаны мен келгені жырланады. Қазақстан рәміздері тұнып тұрған тарих. Болашақ ұрпақтарымызға, атадан балаға аманат болып, әр бір жас өркеннің жүрегіне елі мен жеріне деген патриоттық сезім тудырып, біздің ел бақытты, біздің ел осындай деп әнұранымызбен, аспандай көк байрағымыз асқақтап, пырақтардың қанатыннан тіреу алған шаңырағымыз бен әр адамның жолына жарық түсіріп тұрған жұлдызындай гербіміз тұрғанда болашағымыздың жарқында шуақты болатынына кәміл сенемін.Сондықтан рәміздердің мән мағынасын жас ұрпаққа толықтай түсіндіріп оның құндылығын айтып отыру керек. Қазақстан елі өркендей берсін. Еліміз мәңгі жасасын!

А. Мусина

№3 кітапхана бөлімшесінің кітапханашысы