Қалалық референдум комиссиясының үндеуі
Құрметті Саран қаласының және Ақтас кентінің тұрғындары!
2022 жылғы 5 маусымда біздің елімізде мемлекеттің негізгі заңы - Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өтеді.
Дауыс беруге арналған учаскелер құрылды, олардың шекаралары жарияланды.
Сіздерді республикалық референдумда дауыс беруге қатысып, азаматтық жауапкершілік танытуға және өзіміздің сайлау құқығымызды іске асыруға шақырамыз.
К. Омаров,
қалалық референдум комиссиясының төрағасы