Мемлекеттік Рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері, ол егемендіктің, тәуелсіздіктің, халық пен билік бірлігінің айғағы. Олар мемлекеттілік, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға ұмтылу идеясын білдіреді. Көк Ту, алтын күн және қыран қалықтап ұшқан силуэті бар Елтаңба, оның ортасында шаңырақ бейнесі барлық қазақстандықтар үшін ортақ үйдің нышаны ретінде ҚР ұлттық рәміздері болып табылады.
Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе конституциялық заңда белгіленеді және заңмен қорғалады. Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу азаматтардың мемлекет тәуелсіздігін құрметтеуді нығайтып, жасөспірімдердің отансүйгіштік сезімін қалыптастырады.
Осы мақсатта «Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қолданылуын бақылау, тозған және ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін мемлекеттік рәміздерді жою және ауыстыру жөніндегі жұмыс топтары құрылды. Жұмыс тобы Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін мемлекеттік рәміздерінің жай-күйіне, уақтылы ауыстырылуына үнемі тексеру және бақылау жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері көлемдерінің, орнатылатын орындарының және орналастыру дәйектілігінің стандарттары тұрақты сақталады, тозған, ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін уақтылы ауыстыру және жою жүзеге асырылып отырады.
Басқармада мемлекеттік органның атауы және Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бар маңдайша бар. Басқарма басшысының кабинетінде ұлттық стандарттарға сәйкес келетін Мемлекеттік рәміздер орнатылған.
Тәуліктің қараңғы уақытында Басқарма ғимаратында ҚР Елтаңбасы мен Туы жарықтандырылады.
Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысу – ол әрбір азаматтың парызы! Туған жер деген киелі ұғымды әрбір қазақстандық құрмет тұтуға, қастерлеуге міндетті екенін естен шығармауға тиіспіз.
Сіздерді алдымызда келе жатқан Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймыз! Қазақстан Республикасы Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі, Әнұранымен айбатты бола берсін! Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған мемлекеттік рәміздеріміз болашаққа бет түзеген ұлы көшімізді демеп, игі істерімізді қолдай бергей! Әрдайым еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
«Саран қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ