Бүгін: 23.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Қарағанды облысында аумақтық референдум комиссияларының мәліметтері бойынша 2022 жылғы 5 маусымда сағат 18:00-де бюллетеньдер тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 73,31 %-ын құрады.

Ең жоғары белсенділікті Ұлытау ауданының тұрғындары көрсетті – 86,11 %. Көшбасшылар үштігінде сондай-ақ Жаңаарқа және Ақтоғай аудандары – тиісінше 85,28 және 83,44 %.

Дауыс беру 20:00-ге дейін жалғасады. Қарағанды облысында референдумға қатысушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 22:00-де белгілі болады.

Айта кетейік, өңірде дауыс беруге арналған 777 учаске бар. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінше, референдумға 880 мыңнан астам қатысушы тіркелген.