Тіл - халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Тіл - жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. « Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал».
Тілдің адам өмірі үшін мәні айрықша. Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем. Тіл – асыл ойдың бұлағы. Тіл – құдірет. Тіл – тәуелсіздік тұғыры. Тіл – ұлттың жан дүниесі.
Тіл құдіреті – ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Тілден асқан құндылық, тілден асқан киелі байлық жоқ. Ол үшін, әлбетте, бабадан балаға ғасырлар бойы жоғалмай, тоналмай, жойылмай жеткен киеміз – қасиетті тілді жөнімен, жолымен насихаттағаннан ұтпасақ, ұтылмаймыз. «Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде, мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті. «Тілден асқан байлық жоқ» тон – торқа, мал – мүлік, алтын – күміс байлығы түпкілікті емес. Күндердің күнінде сарқылады, тозады.
Халықпен бірге мәңгі жасайтын ол - тіл байлығы! Жер тілі – ел тілі!
Ж. Джумашева,
Саран қаласы ПБ