Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу мақтасында 2022 жылдың 13-21 маусым күндері аралығында Саран қаласының және Ақтас кентінің аумағында "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ" атты республикалық акция өткізіледі.
Егер сіз, жанұяда зорлық-зомбылық көрсеңіз немесе осындай жағдайға куә болсаңыз, дереу полицияға ХАБАР БЕРІҢІЗ!
Сіз әрқашан тәуліктің кез келген уақытында Саран қаласының полиция бөліміне және 102 немесе 7-49-15 номерлері арқылы шағымдана аласыз.