Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – мемлекеттік қызметші күнімен құттықтаймыз!
Мемлекеттік қызметшілерге реформаларды жүзеге асыру, бүкіл елді жаңғырту, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру үшін ерекше жауапкершілік жүктеледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Біз кәсіби және тиімді мемлекеттік аппарат құрып жатырмыз. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыруға сіздердің әрқайсыңыз үлес қосады деп сенемін».
Қаламыздың әлеуметтік және экономикалық қайта құрылуы сіздердің қызметтеріңізге, кәсібилігіңізге, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстарыңызға және құлшыныстарыңызға байланысты.
Жыл сайын мемлекеттік қызметшілер қатарын толықтырып келе жатқан жастар саны артып келе жатқанын атап өткен жөн.
Осы мереке күні біз еліміздің және Саран қаласының мемлекеттік қызметінің дамуына баға жетпес үлес қосқан ардақты ардагерлерімізге ерекше алғыс айтамыз.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, Отанымыз – Қазақстан Республикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілейміз!