Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан полициясы күнімен құттықтаймыз!

Бұл ерлік пен ар-намыс мерекесі, қоғамға деген адалдық пен жанқиярлық қызметтің символы.

Осы мереке күні біз Отанымыздың ішкі істер органдары қалыптасуының бастауында тұрған барлық ардагерлерге құрмет көрсетеміз.

Біз сіздердің күнделікті қызметтеріңіздің қаншалықты жан-жақты және қиын екендігін жақсы түсінеміз. Ел үшін қиын кезеңде коронавирустық инфекциямен күресуде және қаңтардағы оқиғалар кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға қосқан үлесіңізді әрдайым есте сақтаймыз.

Саран қаласының құқық қорғау органдарының  қатарында тәжірибесі мол, тапсырманы орындау кезінде кәсібилік танытатын, жүктелген  міндеттерге жоғары жауапкершілікпен қарайтын мамандар жұмыс істейді. Сіздердің білікті және жедел әрекеттеріңіздің арқасында қаладағы құқықтық тәртіпті сақтап келеміз.

Сіздерді кәсіби мерекемен құттықтай отырып, ел мүддесі жолындағы еңбектеріңізге сәттілік, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!