Ағымдағы кезеңде қала өзінің даму қарқынын сақтады және «ұлғайта түсті», әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі оң динамикасы байқалады.
Басымдықтардың бірі бірқатар маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру болып табылады.
Экономикада жалпы өңірлік өнім 27,3 млн теңгеге жетті, өткен жылғы деңгейге қарағанда 166,4%.
Қалалық бюджеттің кірістері 4,6 млрдтеңгені құрады, оның ішінде меншікті кірістер 1,8 млрд теңге, 2021 жылға қарағанда 400 млн теңгеге артық.
Ағымдағы жылдың қаңтар – мамыр айларында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 19,0 млрд теңгені, 2021 жылдың сәйкес кезеңіне 166,9%, жоспарға 129,6%-ды құрады. Нақты көлем индексі – 152,7%, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде – 144,2%, тау-кен өндіру өнеркәсібінде-386,1%.
Қала аумағында бұрынғыдай өңдеу өнеркәсібі басым болып қалуда, оның үлес салмағы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемінде 80%-ды құрады.
«KamaTyresKZ» ЖШС 125 млрд теңге жалпы инвестиция көлемімен және 1116 жұмыс орнын құра отырып «Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналарын өндіруді ұйымдастыру» ірі инвестициялық жобасын іске асыруда. Іске қосу 2022 жылғы желтоқсанға жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта индустриялық аймаққа құрылыс-монтаждау жұмыстары және қажетті инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылым жүргізу жүргізілуде.
Қазіргі уақытта индустриялық аймақ жобаларының тізбесіне ыстық мырыштау желісімен металл бұйымдарын өндіру, қоспаланған болаттан өнім өндіру бойынша 2 жоба енгізілді. Жобалардың бастамашылары жобаларды әзірлеу және жер учаскелерін ресімдеуді жүргізіп жатыр. Осы тізбеге тағы да бірқатар жобаларды енгізу мәселесі пысықталуда.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 14,9 млрд теңгеге жетті немесе 2021 жылға қарағанда салыстырмалы бағаларда 148,8%, жоспардан 2 есе артық.
Қала кәсіпкерлері 13,6 млрд теңге жеке инвестиция салды, бұл жалпы көлемнің 91% құрайды.
Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 284,4 млн теңгені құрады, өткен жылдың деңгейіне 117,1%, нақты көлем индексі кезінде жоспарға 116% мал шаруашылығындағы ұсақ мал басының, жылқының 23,4% - ға, тірі салмақта ет, жұмыртқа өндірісінің ұлғаюы есебінен 102% құрады.
«Saran» индустриялық аймағын салу, сондай – ақ инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен құрылыс-монтаждау жұмыстары 5,8 млрд теңге сомасына орындалды, бұл өткен жылдың деңгейінен 2,2 есе көп, жоспарлы көрсеткіш 2 есе артық орындалды.
Тұрғын үйге қажеттілікті қанағаттандыру үшін, қазіргі уақытта қалада 1200-ден астам кезекте тұрғандар, бес қабатты тұрғын үйлердің құрылысы, РТБ үйлерін бюджет қаражаты есебінен де, жеке капитал есебінен де қалпына келтіру жалғасуда. Жыл басынан бері тұрғын үйді пайдалануға беру 8677 шаршы метрді құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 99,7%, 1а ықшам ауданында 6500 шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй (100 пәтер), сондай-ақ 2177 шаршы метр жеке тұрғын үй құрылысы есебінен, бұл 2021 жылға 128% құрайды.
Шағын және орта бизнестің үлесіне шығарылатын өнім көлемінің үштен бірі және жұмыспен қамтылған халықтың 25%-ы тиесілі. Қалада бүгінгі күні 6200-ден астам адам қамтылған 2407 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, өткен жылғы қаңтар-мамырға 108%.
Бөлшек сауда тауар айналымы 2,3 млрдтеңгені немесе өткен жылдың деңгейіне 102,5%-ды құрады. 2022 жылдың 5 айында 3,5 млн теңге инвестиция сомасына 7 жұмыс орнын құра отырып, 5 сауда және қызмет көрсету объектісі ашылды.
Қаланың еңбек әлеуеті дамудың оң үрдістеріне ие. Саран қаласы бойынша экономикалық белсенді халықтың үлесі 50%-ды құрайды.
Жұмыссыздық деңгейі 4,1%, облыстық көрсеткіш 4,5%. Жұмыссыз ретінде 183 адам тіркелді, өткен жылға қарағанда 25,3%-ға азайды.
Бүгінгі күні белсенді жұмыспен қамту шараларымен 817 адам қамтылды (жылдық жоспардың орындалуы 64%).
599 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына – 15 адам, жастар практикасына – 9 түлек, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына - 11 адам жіберілді, 125 адам қоғамдық жұмыстармен қамтылды.
Қалада 299 жұмыс орны құрылды, оның ішінде тұрақты – 147 орын, уақытша – 152 орын. Ағымдағы жылы кәсіпкерлікті дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде жаңа бизнес - идеяларды іске асыруға 10 грант, оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастарға 5 грант беру жоспарлануда.
Әлеуметтік салада халықты мемлекеттік қолдаудың заңда көзделген барлық шаралары толық көлемде қолдау тапты. Аз қамтылғандар қатарына жататын отбасылар санының 2,5 есеге төмендегені байқалады, кедейлік шегінен төмен тұратындар саны 203 адамды (51 отбасы) құрады.
2022 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қала халқының саны 51461 адамды құрады, өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 99,4%. Бала туу 3,5% - ға төмендеді (1000 адамға шаққанда 9,35 жағдай), өлім-жітім 26,2% - ға өсті (1000 адамға шаққанда 13,20 жағдай). Нәрестелер өлімі тіркелген жоқ.
Қалада 98 спорт ғимараты жұмыс істейді, қаланың 17 мыңға жуық тұрғыны дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, бұл халық санының 32,8%-ы. Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша 2022 жылға 95 жарыс жоспарланған, бұл әртүрлі спорт түрлері бойынша қалалық жарыстар, спартакиадалар, жүгіру жарыстары, спорт түрлері бойынша мектеп лигасы, марафондар. Спорттың 33 түрі таратылады, оның ішінде 15 олимпиадалық, 14 олимпиадалық емес, 3 ұлттық және 1 техникалық спорт түрі.