Бүгін: 25.11.2024
Тіркеу: Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде. 2017 жылғы 18 қаңтардағы No 16307-G куәлік (1999 жылғы 16 қыркүйектегі № 869-G алғашқы тіркеу нөмірі мен күні)

Сіздерді Қазақстан халқының нағыз мақтанышына айналған Қазақстанның ең әдемі заманауи қаласы, Отанымыздың жүрегі, біздің елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласының туған күнімен құттықтаймыз.

Бүгінде, астанамыз — халқымыздың айбыны, егемен еліміздің символы, зор мақтанышына айналды. Өткен жылы біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өттік. Осы жылдар ішінде Нұр-Сұлтан қаласы шағын қаладан еңсесі биік, өркендеген заманауи мегаполиске айналып, қонақжайлылығымен кең танылды.

Еуразия төріндегі сән-сипаты қалыптасқан, дәулеті мен сәулеті келіскен елордамызда бүкіл өңірдің дамуына әсер ететін көптеген әлеуметтік-экономикалық трендтер пайда болды, маңызды шешімдер қабылданды. Бас қаланың көркейіп, сәулетіне сәулет қосуы – біз үшін үлкен мәртебе.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Елорда – еліміздің жүрегі. Мемлекетіміздің жарқын болашағына жол ашатын тағдырлы шешімдер осы жерде қабылданады».

Бүгінде әлемдік деңгейдегі мәселелерді талқылайтын алаң, саяси және мәдени шаралардың ошағы Нұр-Сұлтан қаласы – елдігіміздің нышаны, береке-бірлігіміздің ұйытқысы, абыройымыздың айғағы.  Біздің еліміздің мәуелі бүгіні, баянды болашағының бейнесі.

Құрметті жерлестер!

Сұлу астанамыз қарыштап дами берсін. Халқымыздың жүрегі, еліміздің тірегі  елордамыз өсіп-өркендеп, басты құндылықтарымыз жылдан жылға нығая берсін. Мереке қарсаңында әрбір отбасыға амандық, дендеріңізге саулық, бақ-береке тілейміз!